Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Қоңыр есірткіге салынған отандық жұлдыздар жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

"Ойбай life" бағдарламасына сұхбат берген Арман Қоңыр зиянды әдеттерге әуес әріптестері туралы бар шындықты ашты. Әнші отандық шоу-бизнесте жаман заттарға тәуелді болып қалған жұлдыздардың бар екенін жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

Арман Қоңыр қазақстандық шоу-бизнесте есірткіге салынған әртістер жайлы өз ойын жеткізді.

"Әрине, есірткіге салынғандарды көргенім бар. Ондай жұлдыздар бар. Бірақ, мен оларды ешқашан сынға алған емеспін. Себебі әркімнің өмірі өзіне. Оған тек өзі ғана жауап береді.
Олардың қандай қиындықтарға тап болғанын мен білмеймін. Сол үшін сынамаймын. Оған қоса, шөп шегеді немесе есірткіге құмар деп оларды басқалардан шектеп бөлген емеспін. Қарым-қатынасымыз қалай жақсы болса, солай жалғасын таба береді" , - деді әнші.

Арман Қоңырдың сұхбатының толық нұсқасын Nur.tv - дағы "Ойбай life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Қоңырдың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769351-arman-koyr-esirtkige-salyngan-otandyk-zldyzdar-zajly-ajtty-video/

pixel