RU
"Дөнер мен кола әкел": Алматыда полицейдің ұлы мектеп оқушыларын бопсалап келген
Жаңалықтар Қоғам

"Дөнер мен кола әкел": Алматыда полицейдің ұлы мектеп оқушыларын бопсалап келген

Рассказать Вконтакте

Алматыда 176 мектеп-гимназияның ата-аналары мен оқушылары шу шығарды. Ата-аналардың шағымдануынша, жоғарғы сыныптың оқушылары кішкентайларға әлімжеттік көрсетіп, үнемі ақша сұрап, дәретханада ұрып-соғып келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: iStock

Көрнекі фото: iStock

Бұл қорлыққа шыдамаған 9 сынып оқушысы соңғы оқиғаны мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісіне айтқан.

Белгілі болғаны, 10 сынып оқушысы оның құны 120 мың теңге тұратын телефонын тартып алып, затын қайтару үшін екі дөнер мен бір кола сусынын әкелуді талап еткен екен. Бала өзіне әлімжеттік көрсеткен үлкендердің тапсырмасын орындау үшін өзге оқушыдан қарызға ақша алыпты.

"Бұл бірінші рет болып отырған оқиға емес екен. Баламды тепкен, ұрған. Айтқан тамақты алып келмейінше телефоныңды бермейміз деген. Бұл жерде менің ұлым дұрыс шешім қабылдап, мектеп басшыларына айтқан. Егер мен бірден білгенде өзімді ұстауым қиын еді. Қазір де маған оңай болып тұрған жоқ. Сөзім жоқ", - деді зардап шегуші ата-ананың бірі Думан Әбішев.

Бұл жағдай туралы мектептегі тағы бір ата-ана Айгүл Өмірзақова айтты.

"Балам осында "9 е" сыныбында білім алады. Баламды қорқытып, ақша сұрайды екен. Әлі жеткенді ұрып-соғатын көрінеді. Балам менен де бір-екі рет ақша сұраған. Бұл жағдайды естіп-білгеннен кейін жұмыстан сұранып, осында келіп отырмыз ", - дейді ол.

Ал білім мекемесінде он жылдан бері басшы болып келе жатқан мектеп директоры Гүлбағда Әденова бұл жағдайды растады.

"Осыдан бір ай бұрын да бұл баланың үстінен ата-аналар шағымданған. Бірақ анонимді шағым болғандықтан нақтылай алмадық. Бұзақылық жасамау жөнінде оқушыларға тұрақты жиын өткізіп, айтамыз. Ал әлімжеттік жасаған оқушының әкесі үнемі полицей формасымен жүреді. Әкесін шақырып, осыған дейін де ескерту жасағанбыз. Үйлері мектептің жанында", - деді мектеп директоры.

Ал полицияда жұмыс істейтін Әмірбеков Болатбек Есенбекұлы төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік көрсетіп келген баласының қылығы туралы тіс жармастан кетіп қалған. Белгілісі, өзінен кіші оқушыларға күш көрсететін жоғары сынып оқушысы джиу-джитсумен айналысады.

134 мұғалім жұмыс істеп, 2400-дей оқушысы бар білім мекемесінде ақша жинау, әлімжеттік жасау туралы оқиғаларды тіптен бесінші сыныптар да білетін болып шықты. Қазір аталған іспен полиция айналысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
29
10
9
2
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel