Жалаңаш төсін көрсеткен ару өзіне қауіп төнгенін айтып, жылап қалды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақтың ұлттық бұйымдарын тағып, төсін жалаңаштаған Шырын Нарчаева аз ғана уақыт ішінде желі жұлдызына айналған еді. Қоғамдық пікір мен халық сынына назар аудармаған ару артынша әшекейлерді қойып, сәукеле кигенді жөн көрген. Алайда, қазір көптің зығырданын қайнатып жүрген қыздың жағдайы мәз емес секілді. Бұл туралы блогердің өзі Instagram парақшасында айтып берген деп жазады NUR.KZ.
Көзі жасқа малынған Нарчаева енді қорқып жүргенін, қазір оның өміріне қауіп төнгенін айтқан.
"Білесіздер ме? Мен бұл нәрсеге бір ай бойы назар аудармауға тырыстым. Ал қазір маған төнген қауіп шектен тыс көбейіп кетті. Қазір маған және менің жақындарыма қауіп төніп жатыр, біреулер менің тұратын жерім туралы ақпарат таратып жүр. Қанша жасыруға тырыссам да, қазір қатты қорқып жүрмін. Ал бүгін тіпті, біреулер менің артымнан аңдып, сыртымнан суретке түсірді. Мен сонда не үшін кешірім сұрауым керек?", - деген ол видеода.
Видеоны көрген желі қолданушылары бұл жағдайға Шырын Нарчаеваның өзі кінәлі екенін айтқан. Ал кейбіреулері қыздың көз жасы жасанды деп саралаған.
Айта кетейік, осыған дейін ұлттық әшекейлер тағып, төсін жалаңаштаған ару қоғам арасында қызу талқыға түскен еді. Артынша сәукеле таққан бойжеткен өзін анасы қолдайтынын айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770330-zalaas-tsin-krsetken-aru-zine-kauip-tngenin-ajtyp-zylap-kaldy-video/