RU
Астанада балабақшаға жөндеу жүргізген жұмысшылар төрт айдан бері жалақы алмаған

Астанада балабақшаға жөндеу жүргізген жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Астанада мемлекеттік балабақшаға жөндеу жүргізген 19 жұмысшы төрт ай бойы жалақысын ала алмай жүр. Әкімшілік тарапынан тендер ұтып алған компания ғимаратты соңына дейін жөндетіп алып, еңбекақыларын бермей қойған деп жазады "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: press-unity.com

Фото: press-unity.com

Отбасының қамы үшін өзге аймақтардан келіп еңбек еткен жұмысшылар бүгінде қиын жағдайға тап болған. Азаматтар өзін алдап кеткен компания ақшаны бермек түгіл, оларды адам құрлы көрмейтінін айтты.

"Басында "береміз" деді. Кіріп істедік. Ақырында бермей кетті. Бәрін істетіп, бәрін қабылдатып алды. Қабылдаған кезде де жүрді бәрін айналдырып. "Мынаны істесең ақша шығады, береміз" деп толық жұмысты орындатты. Ал ең соңында жауапсыз кете салды" , - деді жұмысшы Еркебұлан Сүлейменов.

Ер адамдар Қазақстанның бұрыш-бұрышынан жиналған. Оған қоса, ай сайын несие төлеуге мәжбүр. Көпбалалы отбасыны асырап отырған ер адамдар бүгінде тығырыққа тіреліп, кімнен көмек сұрарын білмейтін күйге жеткен.

Олардың сөзінше, атқарған жұмыстары үшін мердігер 3,5 миллионнан теңгеден астам ақша беру керек болған. Қаражатты талап етсе, ай сайын түрлі сылтау айта созып жүрген. Оған себеп, әкімшіліктен тендер ұтқан компания жұмысшыларды жалдаған мердігерге ақша бөлмей жүр екен. Ал, себебін компания өкілі былай түсіндірді:

"Керекті құжаттарды толығымен жетістірмегендіктен ақшаны төлемеген ол компания. Бірқатар құжаттарды реттестіру керек. Ол жерде мен жұмыс істемеймін", - деді мердігер өкілі Алмас.

Жұмысшылардың айтуынша, оларды мұнда таныстары шақырған. Осылайша, сенімдеріне кіріп, олардың біреуімен де жеке еңбек келісім шартына отырмаған. Алайда, заңгерлер бұл жағдайдан да шығуға болады деп отыр.

"Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалмай, алданып қалған жағдайда жұмысшылар мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінгені жөн. Топ болып арыз жазып апару қажет. Осы құжат негізінде іс толық тексеріледі.
Ал, егер жұмыс беруші жұмысшыларды еңбек келісім шартынсыз жұмысқа алғаны анықталса әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 186-бабы бойынша міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді заңгер Алексей Гладилин.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel