Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық кәсіпкер құлдықтан қашпақ болған тұрғынды пойыздан тауып алған

Жарияланған күні:

Ақмола облысында құлдықта болып, үш ай бойы тегін жұмыс істеген 34 жастағы азамат өзінің жанайқайын жеткізді. Сембол Төлеухан Астанадан қашық жердегі Еркіншілік ауылында ақыға жұмыс істеуге келіскен. Алайда алданып, адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген азамат қожалық иесінің үстінен сотқа арыз берген деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Сембол Төлеубай. Фото: "Еуразия" бірінші арнасы
Сембол Төлеубай. Фото: "Еуразия" бірінші арнасы: Instagram

Құлдықта жүріп, 90 сиырды баққан азамат бірнеше рет қашуға әрекет жасаған. Тіпті пойыздың ішінде тығылып жатқан жерінен ұсталып қалыпты.

"Үлкен базасын салдық. 90-дай сиыр бағамыз. Оның қиын тазалаймыз. Барлық жұмысты істедік. Бірақ көк тиын бермеді. Бір рет қашып көрдім. Пойыздың ішінен ұсталып қалдым", - дейді Сембол Төлеухан.

Сембол Төлеубай осыдан бес жыл бұрын Моңғолиядан тарихи отанына оралған. Жұбайымен ажырасып, базар маңында азын-аулақ ақша тауып келіпті.

Өзі сияқты қандасымыз оған Астанадан қашық жердегі Еркіншілік ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеуге шақырып, жалақы төлеуге уәде берген екен. Алайда ол Сембол Төлеубайға жалақысын бермей, құлдыққа салған.

"Арақ береді. Бір жарты, норма сол. Екі адам, үш адам, бәрі бір. Бірден артық бермейді, ақша бермейді. Үш ай бойы бір рет суға түсірген жоқ. Шынымды айтып тұрмын. Қазір биттеп жүрмін", - дейді Сембол Төлеухан.

"Еуразия" бірінші арнасы кәсіпкермен телефон арқылы тілдескен.

Оның айтуынша, құлдықта ешкімді ұстамаған. "Құжатын жоғалтып, тентіреп жүрген Семболға көмектескім келді"деген. Алайда, мал бағуға келіскен ол ішімдікке салынып, қожалық мүлкін талан-таражға салды деп отыр.

"Араққа салынып кетті. Жұмыс істемеді. Күнде ішімдік ішті. Менің нәрселерімді сатты базадан. Бәрін сатып, маза бермеді. Бір күн ішсе, ертеңіне жұмысқа шықпай жатады. Сонда да "бір жерден келдік қой" деп, ештеңе демедім. "Жұмыс-шаруаңды істедің ғой, еңбегіңді берейін" дедім. Өзі қашып кетті. Онымен қоймай, менің үстімнен арыз жазыпты", - дейді кәсіпкер Манат.

Айта кетейік, өзін құлдықтан қаштым деген Сембол Төлеухан полицияға арыз жазды. Астаналық тәртіп сақшылары істі Ақмола облысының департаментіне жолдапты.

Ақмола облыстық полиция департаменті істің мән-жайын анықтамай, әзірге түсінік бере алмайтынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770605-akmolalyk-ksipker-kldyktan-kaspak-bolgan-trgyndy-pojyzdan-tauyp-algan/