Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Астана басқа қалаларды алға сүйреді

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұқбат беруді бастамас бұрын 2018-ші жылы Қазақстанда болған маңызды оқиғаларды атап өтті. Елбасы Астананың 20 жылдық мерейтойына ерекше тоқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елбасы тарих үшін 20 жыл деген мардымсыз мерзім екенін айтып өтті. Бірақ осы уақыт аралығында бізде жаңа қала пайда болды. Президенттің сөзінше, бастапқыда астананы ауыстыру идеясына сын айтқандар көп болыпты, алайда қуантарлық нәтижеше қол жеткізгенімізді атап өтті.

"Астана барлық облыс орталықтарын алға сүйреді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. заметил Нурсултан Абишевич.

Осы сөздерінің дәлелі ретінде ол тәуелсіздік жылдарында қазақстандық қалалардың қалай өзгергеніне ерекше тоқталды. Мысалы, Елбасының сөзінше, Атырауда резеңке етіксіз жүру мүмкін болмаған. Қазір қала өркендеп, жаңа жолдар, жаңа ықшамаудандар мен әдемі жағалау пайда болған.

Мемлекет басшысы Қостанай қаласын да атап өтті. Талқаны шыққан қаладан көркейіп, көптеген инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандар жұмыс істеп жатқан жанданған облыс орталығына айналған Талдықорған қаласын айтып өтті.

"Енді бұл үрдісті кішкентай қалалар да жалғастыруда. Бәрі Астанаға қарап, соған теңескісі келеді", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының сұқбатын мемлекеттік арналардан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1770967-nazarbaev-astana-baska-kalalardy-alga-sjredi/