Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Денис Теннің өлімі үшін сот пен полицияға наразылығы бар екенін айтты

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұқбаты кезінде Денис Теннің өліміне қатысты тоқталып өтті. Президент қазақстандық полициямен күрделі жұмыс жүргізу керектігін мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды
Коллаж:ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды: Facebook
"Бұл резонансты жағдай. Қазір қылмыс жасағандарға қатысты сот жүріп жатыр. Полицияға да, сот органдарына да наразылығым бар. Мен бұған назар аударып, жақында осы мәселені жан-жақты қарастырдық. Полициямен күрделі жұмыс жүргізу керек", - деді Назарбаев.

Президент ең алдымен полицейдің жаңа образын жасау керек екенін айтты. Елімізде полиция саласындағы "шенеуніктер" мен басшылар саны қысқартылып, қалған қызметкерлердің жалақысы өтетінін еске салды.

12 оқу орнынан тек бесеуі ғана қалады. Онда бес-алты айда бәрін үйретіп шығатын жылдамдатып оқыту жүйесі енгізіледі. Полицейді оқытып, лауазымын беріп, жұмыс істеуге жіберетін болады.

Елбасы Қазақстандық сот жүйесіне де өзгерістер енгізілу керегін мәлімдеді.

Айта кететін жайт, бүгінгі сұқбат барысында Қазақстан президенті тілшілердің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Елбасы соңғы 20 жылда қазақстандық қалаларда қандай өзгерістер болғанын айтып өтті. Сонымен қатар келесі президент сайлауы қашан болатынына тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770972-nazarbaev-denis-tenni-limi-sin-sot-pen-policiaga-narazylygy-bar-ekenin-ajtty/