jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сарапшылар: 2019 жылы доллар бағасы 400 теңгеден асады

    : Facebook

    Осы жылдың соңында доллардың курсы тағы өседі. Кеше америкалық валютаның биржадағы бағасы 381 теңгеге бағаланса, бүгін айырбастау орындарында 384 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық валютаның әлсіреу себебін және 2019 жылға деген болжамын сарапшылар айтып берді деп хабарлайды 31 арна.

    Көрнекі фото: kp.kz
    Көрнекі фото: kp.kz: Facebook

    2018 жылдың басында доллардың курсы 330 теңгені құраған. Содан бері 50 теңгеге қымбаттапты. Арасында төмендеп, шарықтап тұрған сәттер де болды.

    Сарапшылардың айтуынша, теңгенің құлдырауына сыртқы факторлар әсер етті. Біріншіден, АҚШ Федералды қор жүйесі саясатының көрініс табуы, екіншіден, Ресей тарапына деген санкция.

    Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев осындай жағдайлар теңге мен рубль курсының мұнайға тәуелділігін "сындырғанын" айтты.

    Қазаннан желтоқсанға дейін "қара алтынның" құнының төмендеуі екі валютаның да осыған байланысы жоқ екенін көрсетті.

    Өйткені бұл оларға әсер еткен жоқ.

    Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы алты ай ұлттық валюта үшін салыстырмалы түрде тыныш болады.

    Ал жылдың екінші жартысынан бастап жағдай өзгеруі мүмкін.

    Бейсембаев 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында доллар 380 теңгеден артық болмайды деп санайды.

    Осыдан кейін пайыздық мөлшерлеменің өсуі, баланстың қысқаруы, қор нарығының құлдырауы сынды оқиғалар болуы мүмкін.

    "Бұл экстремалды болжамдар болып табылады. Бірақ біз барлық оқиғалардың аясында теңгенің 400-ден жоғары деңгейін көреміз", - деді қаржыгер.

    Алайда, ел ішінде не болып жатқанын ескеру қажет. Мұнай бағасының курс үшін маңыздылығын есептен шығарып тастау ертерек. Сонымен қатар, Ұлттық Банк жағдайға араласуы мүмкін.

    Дереккөз: 31 арна

    Сарапшылар: 2019 жылы доллар бағасы 400 теңгеден асады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.