RU
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан танымал актриса қайтыс болды

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан танымал актриса қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы қаласында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болған. Солардың бірі актриса Шолпан Елгезек деп хабарлайды Мұхтар Әуезов атындағы театрдың instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шолпан Елгезек көптеген тележобалардан көрермендерге таныс кино және театр актрисасы.

"Мезгілсіз дүниеден өткен актрисаның туған-туыстарына, жақындарына ұжым атынан қайғырып, көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.

Желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, театрдың тағы бір актрисасы жақында ғана ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын Айзада Сатыбалдиева бүгінгі болған жол апаты салдарынан жан сақтау бөлімінде жатыр екен.

"Алла амандық берсін! Айзада ханым үшін дұғада болыңыздар! Көптің тілегі қабыл болады ғой", - делінген жазбада.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel