Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса қаза тапқан жол апаты: Туыстары марқұм жүргізуші жайлы айтып берді

Опубликовано:

Алматыдағы Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, оқиғадан танымал актриса Шолпан Елгезек пен көліктің жүргізушісі, тағы бір жолаушы әйел қаза тапқан болатын. Жол апатынан қаза тапқан жүргізушінің туыстары 33 жастағы Бақытнұр Құнапияұлы жайлы айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Шолпан Елгезек. Фото: Қамшы порталы
Шолпан Елгезек. Фото: Қамшы порталы: Instagram

Марқұм жүргізуші жайлы Жәнібек Ғалым есімді Facebook қолданушысы желіде жазба қалдырды.

"Актриса Шолпан Елгезек қайтыс болып, Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен жол апатында біздің досымыз Бақытнұр Құнапияұлы да болған екен. Ол да оқиға орнында көз жұмды. Бірақ ол жайлы айтылмады да, жазылмады.

Бақытнұр 2002 жылы Үрімжіден Ұзынағашқа келген. Сонда мектепті аяқтап, Арқалықта ЖОО-нын бітіреді. Қазіргі уақытта Қаскелеңдегі "Аяжан" колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін. Артында 75 жастағы анасы мен бауырлары қалды. Олардың барлығы Қазақстанда емес. Бақытнұрдың жерлеу рәсімін осындағы ағайыны өткізіп алыпты", - деп жазды Жәнібек Ғалым.
Бақытнұр Құнапияұлы. Фото: Қамшы порталы
Бақытнұр Құнапияұлы. Фото: Қамшы порталы: Instagram

Марқұмның ағасы Қами Қаукенұлы Tengrinews.kz агенттігіне сол күнгі оқиғаны айтып берген.

"Оқиға 29-ы таңғы 5-те болған. Бақытнұрдың сол күні ұжымы бас қосқан. Сосын пәтеріне барып, киімін ауыстырып шыққан ініміз такси болып, нәпақа табуға шыққан. Көшеден жолаушыларды алып бара жатқанда осындай оқиға болып отыр. Сол күні түнде біз мәйітханаға барып, оны таныдық", - дейді Қами Қайкенұлы.

Оның айтуынша, мәйітханаға Gelandewagen тізгінінде болған адамның туыстарымыз деп бірнеше кісі келген.

"Мәйітханаға Gelandewagen тізгінінде болған адамның туыстарымыз деп бірнеше кісі келіп, кешірім сұрап, материалдық көмек ұсынды. Бірақ мен оның туған бауыры болмағандықтан, Қытайдағы шешесі мен туған бауырларының келуін күту керек екенін айттым. Олар ертесі күні, 30 желтоқсанда Ұзынағаштағы жерлеу рәсіміне де келді. Қытайдағы туыстарының құжаттарын реттеп, шақыртуын жіберіп жатырмыз, бұйыртса, қырқына дейін келеді", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алған болатын.

Осы оқиғадан отандық актриса Шолпан Елгезек қайтыс болып, Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен болатын.

Арада көп өтпей, оқиға орнынан қашып кеткен Mercedes Gelendvagen көлігінің жүргізушісі тұтқындалды.

Сондай-ақ 1985 жылғы азаматтың көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771519-aktrisa-kaza-tapkan-zol-apaty-tuystary-markm-zrgizusi-zajly-ajtyp-berdi/

pixel