Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайыршы емессің": Жанар Айжанова өзінен ақша сұраған әйелді масқаралады (фото)

Опубликовано:

Отандық белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова өзінен көмек сұраған қызылордалық әйелді көптің көзінше жерден алып, жерге салды. Танымал әртістің бұл әрекетіне таңғалған желі қолданушылары Instagram парақшасында түрлі пікір жазып, оның жазбасын қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

"Мен бір нәрсені түсінбеймін... "Әртістер ақшаны күрекпен жинап жатыр" деп кім айтты? Мына жараға жағатын дәрі көп болса, 1500-2000 тұратын шығар. Егер қолыңда телефоның болса, Instagram-ды тіміскілеп отыратын болсаң, демек кім болсаң да қайыршы емессің. Адамдар қандай арсыз болып бара жатырсыңдар?!

Күнде осы, whatsapp-та, direct-те хатпен ақша сұрап жатады. Айтатындары сол, "кредитімді жауып бер", "бір көйлегіңді бер", "сырғаңды бер", "байым тастап кетті", "мені асыра" деген әңгімелер. Не үшін мен ақша беруім керек? Садақаны кімге, қалай беріп жатқанымды қайдан білесіздер?!

Ұят емес пе? Қолдарыңда телефондарың, ар жағында отырып алып қайыр сұрап?! Намыс қайда? Әшейінде әртістерді жерден алып, жерге салып, мін айтқанда кереметсіздер.

Мына кісінікі тіптен сорақы, күн жаумай су болып. "Тышқан бір жерін көріп жаралы болыпты" демекші. (Бұл тек тіленшектерге айтып жатқан сөзім) Қайыр сұрау жақсы әдет емес ағайын. Көбейіп кеткені соншалық, тіптен сенуден қалдық", - деп жазды Жанар Айжанова Instagram парақшасында.

Актрисаның бұл жазбасына қолдау білдіріп, Мақпал Жүнісова да пікір білдірген.

"Өте дұрыс айтасың, Жанар! Маған қазір үйге дейін келіп ақша талап ететін болды. Телефон шыр етсе, "үй, ақша керек" дейтін болды", - дейді халық әртісі.

Айта кетейік, желі қолданушылары өнер адамдарының бұл жазбасын сынға алып, теріс пікірді қарша боратқан.

"Сіз соңғы үміті шығарсыз", "Аяғындағысы 1000-2000 теңгемен жазылатын жараға ұқсамайды", "Халықтың арқасында осы дәрежеге жетіп отырсыңдар ғой", "Сізден мұндайды күтпегенбіз. Сол хатты жарияға жар салып, парақшаңызға шығармай, жауап жазбай қойсаңыз да болады ғой".

"Халықтың жағдайын осыдан көруге болады", "Орнынан қозғала алмай жатқасын, телефон ұстайтын болар", "Осылай қатты айтады деп ойламаппын сізді".

"Сіз көмектесуге міндетті емессіз. Бірақ осылай жарияламай-ақ қоймайсыз ба?", "Мынауыңыз ұят екен. Сізді ұрысқақ деп ойламаппын", "Бергеніңді міндет қылуға болады ма?", "Бермесең тартып алмайды ғой. Не болды, сонша ауыр сөз айтып?", - деп жарыса пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771987-kajyrsy-emessi-zanar-ajzanova-zinen-aksa-sragan-jeldi-maskaralady-foto/

pixel