Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Қарағандыдағы төбелес бойынша күдіктінің видео-үндеуіне пікір білдірді

Опубликовано:

Қарағандыда мейрамхана маңында болған төбелес кезінде бір адамның өліміне себепші болды деген күдікке ілініп, ізін суытқан ер адамның видео-үндеуіне қатысты ІІМ-нің өкілі, Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Arnapress.kz/видеодан скриншот
Коллаж:Arnapress.kz/видеодан скриншот: Facebook

ІІМ өкілінің мәліметінше, қазіргі таңда бұзақылық әрекет жасап, кісі өліміне себепкер болды деген күдікпен Қарағанды қаласында сегіз адам тұтқындалған.

Сот тұтқындау санкциясын шығарып,. Гурурян деген азаматқа іздеу салынды.

«Іздеу жұмыстары аясында полицейлер тобы ол тығылуы мүмкін деген жерлерге аттанды. Іздеуде жүрген азамат видео-үндеуінде берілуге әзір екенін айтқан, екі күн бұрын оның туыстарына қызметкерлерімізбен қалай байланысқа шығуға болатыны айтылды. Дегенмен, бүгінге дейін олармен ешкім байланысқа шықпаған», - деді Сәдубаев.

Сонымен қатар, ведомство өкілі тергеу әділ, жан-жақты қарастырылатынына кепілдік берді. Сондықтан айыпты ауырлататын жағдайлар туындамай тұрғанда азамат Гурурянға полиция қызметкерлеріне берілуге кеңес берілді.

Тергеу барысы ІІМ-нің ерекше бақылауына алынғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, Қарағанды мейрамханаларының бірінде Жаңа жыл түні жаппай төбелес орын алған болатын. Ресми мәлімет бойынша, екі топ жігіттің арасында қақтығыс орын алып, бір адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Үш адам ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық кодекстің 99 бабы ("Кісі өлтіру") және 293 бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Прокуратура Қарағанды мейрамханасының жанында болған төбелес этносаралық сипат алды деген хабарламаны жоққа шығарған болатын.

Қазіргі таңда сегіз адам тұтқындалып, бір адам іздеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772010-iim-karagandydagy-tbeles-bojynsa-kdiktini-video-ndeuine-pikir-bildirdi/

pixel