"Кешке дейін кокос": Балиде жүріп мақтанған Нұрлан Еспанов сынға қалды (видео)
Жарияланған күні:
Нұрлан Еспанов Балиде өткізіп жатқан демалысымен мақтанамын деп жұрттың сынына ұшырады. Жаңа жылды жылы жақта қарсы алған әншінің өзге елде түсірілген видеолары көпшілікке жақпай қалған деп жазады NUR.KZ.
Нұрлан Еспанов Балиде қалай демалып жатқаны жөнінде досы Абай Бегейге видео арқылы айтып берген.
Ол өз кезегінде, шетелде жаңа жылды қарсы алған әріптесі жолдаған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасына жүктеді.
Аталмыш видеода Нұрлан Еспановтың жағалауда сусын ішіп, демалысының керемет өтіп жатқанын айтқаны көрініс табады. Көпшілік әншінің бұл әрекетін асқан мақтаншақтық деп танып, оны аяусыз сынға алған.
"Саған Балиден жалынды сәлем. Мынау жердің шеті екен, бұдан кейін жер жоқ. Ең әдемі жер екен бұл. Қараш, азаннан кешке дейін джуси мен кокос қой. Мынау мұхит қой, теңіз емес. Қараш біз демалып жатқан орынды. Қазір 30 градус ыстық, мен күйіп кеттім. Бауырым жаңа жылыңмен, жаңа ғана кокос ішіп алғам. Шын жүректен құттықтаймын" , - деген видеода Еспанов.
"Мақтаншақ, мүлде жараспайды" , "Не ішіп тұрғанын біледі ма екен өзі ағамыз?" , "Мақтаншақ өнкей, жалаңаш жүргеніне мәз" , "Неге мақтаншақ осы кісі" , "Жұрт нанға зар болып отырғанда, өзге елге барып мақтанғаны несі" , "Осылар бір жерге шықса болды мақтанып қоймайды" , - деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетейік, Нұрлан Еспановтың әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772326-keske-dejin-kokos-balide-zrip-maktangan-nrlan-espanov-synga-kaldy-video/