Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеден еш айырмашылығы жоқ" Өскемендегі мекеменің емделушілері шу шығарды

Опубликовано:

Өскеменде емделушілер облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ахуалына шағымданды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр
фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр: Facebook

Науқастар Өскемен қаласында орналасқан облыстық тері-венерологиялық диспансерінде ешқандай жағдайдың жоқтығын айтып реніштерін білдірген.

Емделушілер диспансерде соңғы рет жиырма бес жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргенін, ғимараттың түрмеден айырмашылығы жоқ екенін айтты.

"Сол бәрі, төсектің торы жаман. Матрастар да кір. Тазалық жоқ деп айта алмаймын енді, санитарлар бәрін тазалап, бәрін бізге өңдеп әкеп береді. Бірақ ескілігі бар", – дейді емделуші Клара Нұртазаева.

Бас дәрігер диспансердің ахуалына байланысты көптеген шағым түсетінін растап өтті.

Оның айтуынша, ауруханаға 25 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген, 10 жыл бұрын шатыры мен терезелері ауыстырылған.

Сондай-ақ, бас дәрігер заманға сай жөндеу үшін 8 миллион теңге қаражат керек екенін жеткізді.

"Президент жарлығына байланысты, біз диспансерден былтыр тамыз айында көшіп кетуіміз керек болған. Кейін бұл мәселе жергілікті әкімдіктің қарауына алынды. Менің жөндеу жұмыстарын жасамағаным да осыдан. Мемлекеттің бөлген ақшасын кетіруді аядым" , – дейді облыстық тері-венерологиялық диспансердің бас дәрігері Рысбике Жаманбалинова.
фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр, коллаж: NUR.KZ
фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр, коллаж: NUR.KZ: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772562-trmeden-es-ajyrmasylygy-zok-skemendegi-mekemeni-emdelusileri-su-sygardy/

pixel