Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 күн бойы ауыз сусыз отырған алматылықтар жанайқайын жеткізді (видео)

Опубликовано:

Алматы қаласының Медеу ауданындағы 30 үйдің ауыз сусыз отырғанына 10 күн болған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хабар 24
Көрнекі фото:Хабар 24: Facebook

Ықшам аудан тұрғындарының сөзінше, әкімшілік су құбырын өткіземіз деп уәде бергендеріне жарты ғасыр болыпты. Осы уақытқа дейін суды оларға сумен қамту мекемесінің көліктері жеткізіп отырған.

Оның өзінде суды күндізгі уақытта, тұрғындардың басым бөлігі жұмыста болған кезде әкеледі екен.

Алайда жаңа жыл басталғалы сумен қамтитын компания су жеткізуін тоқтатыпты. Мекеме өкілдері бұдан былай тұрғындарға су тасу олар үшін тиімсіз екенін хабарлап, азаматтардың есебінен құбыр тартуға ұсыныс жасаған.

Медеу ауданының әкімшілігіндегі шенділер бұл жағдайды шешетіндерін мәлімдеп, тұрғындарды су міндетті түрде жеткізілетінін айтып, сабаларына түсірді.

Жергілікті шенеуніктер энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына өтінішті 2012 жылдан бастап беріп келеді екен. Алайда бұл өтініштер әлі күнге дейін қаралу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772591-10-kn-bojy-auyz-susyz-otyrgan-almatylyktar-zanajkajyn-zetkizdi-video/

pixel