RU
Арман Құдайбергенов Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты

Арман Құдайбергенов Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы арнайы мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында Денис Теннің өліміне қатысты кезекті тыңдалым басталды. Бүгінгі сот отырысында сотталушылардан жауап алынып жатыр. Бірінші болып сот алдына Арман Құдайбергенов келді. Ол оқиғаның қалай өрбігенін ашып айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер министрлігі

Фото: Ішкі істер министрлігі

"18 шілдеден бастап біз үшеуміз бірге болғанбыз. Сол күні түсте Нұралы екеуміз Шаңырақтағы үйімізден шықтық. Жанар бізге кейіннен қосылды. Ол моншада болған, біз оны артынан алып кеттік. 18-і кешке қарай үшеуміз Нұралының ағасының үйінен кетіп қалып, басқа пәтер жалдадық. Ол ағасы екеуі өзара келіспей қалды. Сол себептен, біз кетіп қалдық.
18-і күні таңертең Нұралының қызы тәртіп сақшыларымен бірге үйге келіп, шу шығарды. Ол жүкті болып қалған екен. Арыз жазамын деп келген. Осы жағдай ушығып кеткендіктен, басқа пәтер жалдауды шештік. Тыныштықты қаладым, Жанармен оңашада болғым келді. Айтатын өз әңгімеміз болды.
Сонымен, жалдаған пәтерге Жанарды тастап, біз кафелерді араладық. Сосын такси болып, адамдарды тасыдық. Түнде төрт шамасында үйге бармас бұрын, дүкенге соқтық. Дүкеннен төрт бөтелке сыра алдық. Сол кезде мен Нұралының ақшадан қиналып жүргенін көрдім. Жалдаған пәтер жанында көлікте отырып, сыра іштік. Мен оған жеңіл ақша табу жолдарын білетінімді айтып, ұсыныс жасадым. Ол менің бұл өтінішіме келіскен.
Ертесіне, 19 шілде күні пәтердегі уақытымыз біткен соң, кілтті иесіне хабарласып, тастап кеттік. Сосын көлікке мініп, қалаға шықтық. Мен оған Абылайхан көшесіне қарай жүрсін деп айттым. Құрманғазы көшесінің бойында бірнеше қымбат көліктерді көрдім.
Жанар біздің ұрлыққа баратынымызды білмеген. Көліктің артында телефон шұқылап отырған. Нұралы екеуміздің әңгімемізді естімеді.
Ақ түсті көлікке жақындап, сол жақ айнасын шеше бастағанда айналамызда адам көп болып кетті. Екінші айнаны шешкенше 15-20 минут өтті. Нұралы сөмкені ұстап тұрды. Екі айнаны да шешіп кетіп бара жатқанымда алдымнан марқұм Денис Тен шықты. Мен оны танымадым. Ол менен не істеп жатқанымды сұрап, ашуланды. Мен айналарды қолына ұстаттым да, қаштым. Өйткені мен тағы ұсталсам, Астанадағы ісім бар, жағдайым ушығып кетеді деп ойладым. Менің қашудан басқа амалым болмады.
Жолдың арғы жағына өтіп кетпек болғанымда, қара "камридің" үстіне құладым. Содан кейін ары қарай қашып бара жатқанымда, Денис мені қуып келе жатқанын көрдім. Ол мені ақыры ұстап алды. Артынан екеуміздің арамызда төбелес орын алды. Шыны керек, менің оған әлім жетпеді. Содан кейін белдігімді шешіп, оны ұра бастадым. Мен қалай болғанда да қашып құтылуым керек болды. Себебі, бас бостандығымнан айырылатынымды білдім.
Ол мені жоғары жақтан келіп ұрды. Мен есеңгіреп қалып, торға сүйендім. Есімді жиып қарасам, Нұралы қасымда тұр. Денис те шок күйінде болды. Бәрі бір алты секундта болып кетті. Сосын біз тез қаштық, Нұралы пышақты лақтырып жібергенін көрдім. "Неге лақтырдың" деп сұрағанымда, ол маған Дениске екі мәрте пышақ сұққанын айтты. "Неге пышақ сұқтың?" дегенімде, "білмеймін" деп жауап қатты.
Сосын қуыстар арқылы көлікке жетіп алдық. Жолдан Жанарды алып кеттік. Қай көшеден екенін білмеймін, есімде жоқ. Сайран жаққа қарай бардық. Нұралы уайымдап отырғанын көрдім. Екеуміздің арамызда өлмейтін шығар деген әңгіме болды. Ол пышақты санынан сұққанын айтты. Мен Денис Теннің қайтыс болғанын біз ұсталған күні интернет клубтан білдім" , - деді Арман Құдайбергенов.
Сіздің реакцияңыз
1
2
3
29
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel