Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оксана Тен: Дениске көмек көрсеткен куәгер қыз оның суретін танысына жіберген

Опубликовано:

Оксана Тен сотқа түсірген шағымын оқу барысында Дениске алғашқылардың бірі болып көмекке келген қыздың әрекеті күмән туғызғанын жеткізді. Айтуынша, оқиға орнында болған бойжеткен спортшының ауыр халде жатқан сәтін суретке түсіріп, оның танысына жіберген деп жазады NUR.KZ.

Оксана Тен: Дениске көмек көрсеткен куәгер қыз оның суретін танысына жіберген
Денис Тен. Фото: ru.sputniknews.kz: Instagram

Тағы да оқыңыздар:

Оксана Тен Толыбаеваға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты

Нұралы Қиясов: Қандай жаза тағайындалса да, көнемін

Денистің анасы Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткеніне күдіктенді

Денис Теннің анасы оған алғашқы болып көмек көрсеткен қыздың әрекетін түсінбейтінін ашық түрде айтты.

Бойжеткен оқиға орнында спортшының ұялы телефонын алып, оның жақындарына қоңырау шалыпты. Оған қоса, ол тыныс алмай, ес-түссіз жатқан Денистің суретін оның танысына жіберген.

"Ол көліктегі іскерлік кездесуінен кейін жұмысына асығып кеткен. Алайда асығып тұрғанына қарамастан ол Құрманғазы көшесінің бойымен жаяу кетеді.

Қайғылы оқиғаны көре сала, алғашқы көмек көрсетуді бастайды. Денистің қанға оралған телефонын алып, оның жақындарына қоңырау шалған. Ол маған да хабарласты.

Бірақ неге екені белгісіз, ол Денистің тыныссыз денесінің суретін оның таныс қызына жібереді. Бұл әрекеттер қарапайым әйелге сай емес деп санаймын" , - деді Оксана Тен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Денистің анасы тергеуге қанағаттанбағандықтан сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап еткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773457-oksana-ten-deniske-kmek-krsetken-kuger-kyz-ony-suretin-tanysyna-zibergen/

pixel