Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өліміне қатысты үкім 17 қаңтар күні шығады

Опубликовано:

Бүгін, 16 қаңтар күні қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің өліміне қатысты сот жарыссөзі өтті. Спортшының өліміне кінәлі деп танылған сотталушыларға үкім ертең, 17 қаңтар күні шығады деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен
Денис Тен: UGC

Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі ертең, 17 қаңтар күні сағат 17:00-де шығады.

Ал бүгін спортышының өліміне қатысты кезекті сот отырысында тергеу ісіне көңілі толмаған Оксана Тен сотқа шағым түсірді.

Ал жәбірленуші жақтың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров сотталушыларды 20 жылға бас бостандығын айыруды сұрады.

Одан бөлек, Оксана Теннің адвокаты Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырғанын жеткізіп, күдікті келіншекке жазаны ауырлату қажеттігін айтты.

Күдікті Арман Құдайберген ойында адам өлтіру болмағанын айтса, Нұралы Қиясов барлығынан кешірім сұрады.

Ал Жанар Толыбаева өзін сот алдында қорқытқанын айтып, жылап қалды.

Одан бөлек, алдыңғы сот отырыстарының бірінде Оксана Тен Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткенін айтып, күмәнданған болатын.

Бүгінгі жарыссөзде Нұралы Қиясов жанұясы кенеттен байып кетті дегенге жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773564-denis-tenni-limine-katysty-kim-17-katar-kni-sygady/

pixel