RU
Қалыңдыққа сырға салуға таласқан абысындар қырқысып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Қалыңдыққа сырға салуға таласқан абысындар қырқысып қалған

Рассказать Вконтакте

Қазақта "Тойдың болғанынан боладысы қызық", - деген сөз бар. Дегенмен кейбір той –томалақтарда қонақтардың есінде сақталатын қызықты жағдайлар жиі орын алатындығы рас. Жақында көпшілікті таң қалдырған оқиғаның бірі үйлену тойында болды. Өзінің туған қаласын атамауды өтінген Алма есімді келіншек NUR-ке тойдағы жанжал туралы айтып берді.

Фото : Limon.KG

Фото : Limon.KG

Кейіпкердің баяндауынша, өздері Шымкент қаласының тұрғындарымен құда болған.

"Жақында інімнің баласы үйленді. Әулеттің үлкені ретінде тойдың бас-қасында жүрдік. Дайындық бірнеше ай бұрын басталатыны белгілі ғой. Шымкент қаласының тұрғындарымен құда болдық. Сырға салу мен құдалық бір күнде болатын болды.

Үйленіп жатқан жігіттің туған жеңгесі қалыңдыққа сырға салу құрметіне ие болды. Қызықтың көкесі осы кезде басталды. Өйткені ол келіншек көп уақытқа дейін балалы бола алмай жүрді. Отбасымыздың үлкен келіндері "жолы ауыр адам, басқа келін сырға салуы керек" деп жатты. Әрине, туған жеңгесі біразға дейін ашуланып, ақыры соңында жылап жіберді. Тағдыры қиын болғанына ол кінәлі емес қой", - дейді Алма.

Дегенмен, ырымға сенбеген күйеужігіт қалыңдығыңа сырғаны туған жеңгесіне салдыратынын жеткізіп, көпшіліктің пікіріне құлақ салмаған. Бұл жағдай келіндердің арасында дау-дамай туғызып, өзара түсініспеушілікке апарған.

"Біздің әулиетіміз өте үлкен. Шүкір, келіндер де жеткілікті. Той-томалақ кезінде осындай жанжалдың туындауы заңды құбылыс. Ағайындарымыздың барлығы өз келіндерінің құрметке бөленгенін қалайды. Ренжіп, тойдан кетіп қалып жататындар да кездеседі.
"Беташар" кезінде қалыңдықтың қолтығынан ұстамадым деп ашуланатын жас келіндер де бар. Бұл жолы да осындай жағдай орын алды. Мәселе қолын демеп ұстап тұрғаны үшін берілетін сый да емес, көрсетілмей қалған құрметке ренжіп жатады. Бәрімізде келін болдық қой. Сырт көзге қарағанда бұл өте күлкілі де болып көрінуі мүмкін. Бастысы, ұрыс-керіс тойдың шырқын бұзбаса болды", - дейді кейіпкеріміз.

Кейбір өңірлерде жаңа құдаларға құйрық-бауыр тарту дәстүрі әлі күнге дейін сақталып келеді. "Екі жақ тату -тәтті болсын" деген мақсатпен берілетін асты келіндер меймандарға ұсынады. Бұл жерде де бақталастық бар екен.

"Құйрық – бауыр тартылған табақ ешқашан бос қайтпайды. Дәстүрді білетін құдалар ыдысқа қомақты ақша салып, алғыстарын осылайша білдіреді. Дәмді тартқан келін қаражатты өзі алады. Сол себептен де талас болады. Қазақтың әрбір дәстүрі өзіңше қызық қой", - дейді Алма апай.

Осылайша, үйлену тойында келіндердің "көтерілісі" болған екен. Соған қарамастан той өз деңгейінде өтті дейді Алма.

Ал жүгіріп жүріп қонақтарға қызмет көрсететін келіндер өздеріне де соған лайықты құрметтің көрсетілгенін қалайды екен.

Сіздің реакцияңыз
12
1
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel