jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Денис Теннің өлімі: Күдіктілерге сот үкімі шықты

    : UGC

    Алматыда қарақшылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот үкімі шықты. Бірнеше бап бойынша айып тағылған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға темір торға тоғытылмақ. Ал қылмысты жасырып қалғаны үшін айыпталған Жанар Толыбаеваға сот 4 жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Денис Теннің өлімі: Күдіктілерге сот үкімі шықты
    Денис Теннің өліміне күдіктілер. Фото: NUR.KZ: Original

    Бүгін Алматыдағы қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сот ғимаратында судья Кеңшілік Абельдинов айыпталушыларға қатысты сот үкімін оқыды.

    Арман Құдайбергеновке "Алдын ала келісіп ұрлық жасау", "Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық" , "Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылған болатын.

    Ал Нұралы Қиясов болса ұрлықтан басқа, жоғарыда келтірілген барлық баптар бойынша кінәлі деп танылды.

    Денис Теннің өлімі: Күдіктілерге сот үкімі шықты
    Денис Теннің өліміне күдіктілер. Фото: NUR.KZ: Original
    Танымал спортшының өлімі бойынша қылмыстық істе үшінші күдікті болған Жанар Толыбаева "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айыпталды.

    Айта кетерлігі, Денис Теннің өліміне қатысты сот процесі екі аптадан астам уақытқа созылды. Күнделікті жүріп тұрған сот отырысында оқиғаға қатысы бар көптеген куәгерлерден жауап алынды.

    Денис Теннің өлімі: Күдіктілерге сот үкімі шықты
    Фото: NUR.KZ: Original

    Денис Теннің анасы мен жәбірленуші жақтың қорғаушысы сот пен қалың көпшілікті қылмыстың тапсырыспен жасалғанын сендіруге тырысты.

    Оксана Тен тергеу амалдарына қанағаттанбағандықтан, оларды қайта жандандыруды талап еткен болатын.

    Күні кеше ғана болған сотта екі тарап арасында жарыс сөздері болып өтті. Оған қоса, сотталушылар өздерінің соңғы сөзін айтты.

    Нұралы Қиясов өзін кешіруін өтініп, кез келген жазаға көнетінін жеткізді. Ал жүкті Жанар Толыбаева болса соттан әділ шешім қабылдауын сұрап, өзін әлдекімдердің келіп қорқытқанын жайып салды.

    Жәбірленуші жақтың адвокаты Нұрлан Өстеміров Толыбаеваға 20 жыл беруді сұраған болатын. Қорғаушы күдікті қызды жантүршігерлік қылмыстың басты ұйымдастырушысы деп санайды.

    Денистің көлігінен айнаны шешіп алған Арман Құдайбергенов өзінің соңғы сөзінде танымал спортшыны періштеге теңеп, ұлы тұлғадан айырылып қалғанына өкінетінін айтқан.

    Денис Теннің өлімі: Күдіктілерге сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.