Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келіннің аяғының астына қасқыр терісін тастағандар қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Желіде жаңа түскен келіннің аяғының астына қасқыр терісін тастаған қазақтар қызу талқыға түсті. Видео kazakh.toy парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Видеодан қазақтың ұлттық киімін киген қос арудың жаңа түскен келінде қасқыр терісінен жасалған ішіктің үстімен жүргізгенін көруге болады.

Ал той жүргізген асаба: "Беташар рәсімінің алдында келінді "қасқыр жүректі ұл тусын" деген ниетпен, қасқыр ішіктің үстіне тұрғызған жайымыз бар", - дейді.

Алайда желі қолданушыларына бұл ырымның дұрыс орындалмағанын жарыса жазуда.

"Жас келіннің аяғының астына "қойдай жуас болсын" деп қой терісін тастайды", "Қасқырдай төске шапсын дедіңдер ме?", "Қайдағы жоқ ырымды шығарып жүресіңдер".

"Туылатын бала аяқтың астындағы қасқырдың терісіне қарамайды", "Жаңа түскен келіннің мінезі жұмсақ болсын" деп, иленген тері тастаған. Ал жүкті келіншектің ішіндегі ұл "батыр болсын" деп, жыртқыштың жүрегін жегізген" деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774178-kelinni-aagyny-astyna-kaskyr-terisin-tastagandar-kyzu-talkyga-tsti/