Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекованың концертіне Баян мен Бағым неге келмеді?

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерлері Баян Алагөзова мен Бағым Мұхитденованың алдынан өтіп, жеке кешіне шақырту алып барған. Әнші бұрынғы ұстаздарымен татуласқанын ашып айтты деп жазады Kyn.kz.

Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Тура сол күні Алматыда "Жыл таңдауы" деп аталатын ауқымды шара өтіп жатты. Одан қалса менің кешім өтетінін жиырма күн қалғанда ғана білдім. Жанды дауыста болғандықтан, дайындыққа көп уақытым жұмсалды. Ал шақыру билеттері кешке бес күн қалғанда ғана таратылды.

Ол кісілерге шақыртуды өзім алып барып ұсындым. Бәлкім ертерек шақырғанымда келетін ба еді?! Себебі сол орталықтан шыққан қыздар арасында бірінші рет менің жеке концертім болды. Сондықтан алаңдамаңыздар, бізде бәрі жақсы. Татуластық. Баян мен Бағым Мақсатқыздары "Алматыдағы шараға қатысамыз" деп алдын ала уәде беріп қойған екен. Маған сәттілік тілеп, хат жазып, қолдауларын білдіріп жатты", - дейді әнші.

Алғаш рет жеке концертін берген әнші соңғы жылдары жеке өмірінде де сәтсіздіктер көбейіп, құлазып жүргені жасырмады.

"Қазір қарап отырсам, ұят нәрсе екен. Екі минут бойы сахнада өзіме келе алмай жылап тұрып алдым. Бір жағынан арманым орындалып, жеке кешім болып жатқанына қуандым. Екіншіден әннің өзі жеке өмір жайлы болғандықтан қатты әсер етіп кетті. Осы күнге дейін шыдап келген шыдамның шегі сахнада таусылғанына таңым бар.
Қанша ішіме сақтаған мұңым мен қуанышым бетіме шықты. Халықтан жасыра алмадым десем де болады. Сол сәтке түсіністікпен қараған халыққа алғысым шексіз", -дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласқанын мәлім еткен болатын.

Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774392-mldir-uelbekovany-koncertine-baan-men-bagym-nege-kelmedi/

pixel