RU
"Намаз кезінде өлсе жұмаққа барады": Жауыз ана туған қызын пышақтамақ болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Намаз кезінде өлсе жұмаққа барады": Жауыз ана туған қызын пышақтамақ болған

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда адам сенгісіз қайғылы оқиға орын алды. Әйел адам туған қызын намаз оқып жатқан кезінде өлтірмек болыпты. Анасы мен перзенті арасында орын алған арпалыс нәтижесінде келіншек қызының қолынан қаза тапқан. Ол мойнына жасалған пышақ жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды деп жазады akipress.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Islam Global, Newsroom, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Islam Global, Newsroom, Коллаж: NUR.KZ

Бішкектегі Октябрь аудандық соты жантүршігерлік оқиғада өзін өлтірмек болған анасын пышақтап тастаған қызға қатысты үкім шығарды.

Анықталғандай, қайғылы жағдай 2017 жылдың 21-ші желтоқсанында орын алған. Анасы қызына намаз оқымағаны үшін ұрысып, олардың арасында жанжал туындаған.

Қызы ақыры намазды бастайын деп жатқанда әйел адам оған асханадан пышақ әкеп беруін өтінеді.

Кейін ол намаз кезінде өлген адамның жұмаққа баратынын айтып, қызына пышақтамақ болған.

Екеуі біраз арпалысқан соң бойжеткен оның қолынан пышақты тартып алып, анасының мойнына сұғып жібереді. Келіншек бой бермей пышақты тартып алмақ болғанында, қызы оны тағы да жарақаттайды.

Анасының мойнынан көп қан кетіп жатқанын аңғарған қыз оның жарақатын шүберекпен байлап, жедел жәрдем шақырмақ болған.

Алайда сол сәтте әйел адам қызын орындықпен ұрып жібереді. Ашуға булыққан бойжеткен анасынан оны тартып алып, басынан бір соққан.

Алған жарақаттары салдарынан келіншек оқиға орнында көз жұмады.

Нәтижесінде сот қызды кінәлі деп тауып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Айта кетерлігі, тағайындалған жаза шартты болып саналмақ. Қызға бір жылдық сынақ мерзімі берілді.

Сіздің реакцияңыз
1
5
25
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel