Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағаларым қатты ренжіді": Төсін жалаңаштаған астаналық депутат жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіге төсін жалаңаштаған суреті таралып кеткен депутат Динагүл Тасова жан сырымен бөлісті. Сән апталығында төстартқышсыз кофта киген арудың әрекетіне бауырлары қатты ренжіген. Бұл туралы Еуразия" арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бойжеткен бұл суреттердің желіге таралып кеткенін білмеген.

"Мен бұл суреттердің желіге таралғанын, мені суретке түсіргенін білген жоқпын. Достарым желідегі парақшалардың сілтемелерін жібергенде білген жоқпын. Осыдан кейін ағаларым-жеңгелерім хабарласты. Қатты ренжіді. Мені көшеде солай "жалаңаш жүр" деп ойлаған ғой.

Әуел баста дизайнерден "Бұл көйлекті қалай кием?" деп сұрағанмын. Ол кісі "Бұл сахналық киім. Мұны сен басқа еш жерде кимейсің" деп жауап берді. Негізі дизайнер Дана Дүйсенбаеваның сән апталығында екі киім киіп шықтым. Оның үстіне бұл киімді тек мен ғана кимедім. Тағы бір қыздар осы киімнің қара түсін киді. Бірақ мені ғана түсіргенін түсінбедім", - деді Динагүл Тасова.

Сондай-ақ модель қыз бұл киімді өз еркімен таңдамағанын, дизайнерлік орталықтың шешімімен осы киімді киіп шыққанын мәлім етті.

Динагүл Тасова 2018 жылдың 1 желтоқсанында өткен сән апталығынан соң танымал болып кетті.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Динагүл Тасова өзінің депутаттық лауазымы жөнінде де бар шындықты айтып берген болатын.

"Мен парламент емес, жастар мәслихатының депутатымын. Бұл мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым. Мен мемқызметкер емес, еріктімін десем болады. Біз балалар мен қарттар үйіне барып, қолымыздан келгенше көмек береміз.
Ал басты жұмысым - модель. Сән саласында жүргеніме бес жыл болды. Мен модельдік агенттікпен келісімшарт бойынша жұмыс істеймін. Және болашақта да өз мансабымды жалғастырмақпын", - деді модель қыз бір жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774676-agalarym-katty-renzidi-tsin-zalaastagan-astanalyk-deputat-zan-syrymen-blisti/

pixel