Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің ісі бойынша сотталғандар отыратын колония қандай екенін білесіз келе ме?

Опубликовано:

Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Алматы облысының ЛА-155/8 колониясында, ал Жанар Толыбаева ЛА-155/4 колониясында жазасын өтейді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ
Коллаж:NUR.KZ: Twitter

NUR.KZ тілшілері колонияларға барып, әйелдер мен еркектер жазасын өтейтін мекеменің жағдайымен танысып қайтты.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Ерлерге арналған ЛА-155/8 колониясы Заречный елді мекенінде орналасқан. Ол жерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар, атышулы істермен танылғандар мен танымал тұрғалар жазасын өтеуде. Мысалы, Бақытбек Есетаев, қара риэлторлар қылмыстық тобының бір мүшесі, жазасын өтеген кәсіпкер Қайрат Жамалиев және т.б.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Instagram

Күзетілетін аймақта асхана, медициналық пункт, клуб бар. Онда әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, ашық есік күндері, мерекелер атап өтіледі.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Белгілі күндері жұмыс істейтін дүкен және таксафон бар. Тұтқындалғандар туысқандарына сол арқылы хабарласа алады.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: UGC

Жазасын өтеушілер арнайы барақтарда тұрады, оның айналасындағы аймақтан тек рұқсатпен шығуға болады.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Олар екі қабатты төсекте ұйықтайды. Таңғы алтыда оянып, кешкі 10-да ұйықтауға жатады. Демалыс күндері жетіге дейін ұйықтауға рұқсат етіледі.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Барақтарда туысқандар жіберген тамақты жеуге арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар теледидар көріп, ойын ойнап, бос уақытты өткізетін бөлмелер қарастырылған.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Дәретхана далада орналасқан. Сотталғандар аптасына бір рет моншаға түседі. Жаз кезінде далада душқа түсуге болады. Ал барақтың ішінде тек жуынатын бөлме бар.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Сотталғандардың еңсесін түсірмеу үшін мынадай рух көтеретін мақалалар бар екен.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Олар спортпен шұғылданып, жарыстарға қатысып, марапат та алады екен.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Жауғашты елді мекенінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колонияның негізін 1937 жылы КСРО кезінде ІІХК қалаған. Көп нәрсе сол кездерді еске салады: ағаш едендер, кеңес кезінде тұрғызылған ғимараттар.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Түрме аумағында ескі асхана бар.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Сотталған әйелдердің тамақтары макарон, шұжық, нан және кофеден тұрады.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Қазақстанда тек Жауғашты колониясында балалары бар әйелдер жазаларын өтей алады. Мұнда балаларға арналған арнайы ойын алаңы бар. Оны америкалық еріктілер отбасы тұрғызған.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, бірнеше айдан кейін Жанар Толыбаева босануға тиіс.

Балаларға арналған бөлме мынандай.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Лагерде балалар аналарымен үш жасқа дейін болады, содан кейін оларды еркіндіктегі туыстарға немесе балалар үйіне жібереді.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Балалары бар әйелдер барақтарда емес, балалар қалашығында тұрады. Бірақ тексеру кезінде тіркеліп отырады.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Балаларға арналған арнайы асхана бар. Онда баланың жасына қарай тамақ әзірленеді. Ананың сүті болмаса, нәрестелерге арнайы қоспа беріледі.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, 17 қаңтар күні Денис Тенді өлтіргендерге және оларға сыбайлас болған әйелге сот үкімі шығарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775105-denis-tenni-isi-bojynsa-sottalgandar-otyratyn-kolonia-kandaj-ekenin-bilesiz-kele-me/

pixel