jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда жасөспірімдер пиццерияда орын бермеген оқушыны тепкілеп тастады

    : Depositphotos

    Бейнебақылау камералары тағы бір жеткіншектің соққы астында қалғанын түсіріп алған. Бұл жолы оқиға Қарағандыда тіркелген деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

    Қарағандыдағы бейнебақылау камерасына пиццерия маңында соққы астында қалған мектеп оқушысы түсіп қалған. Бұл бейнежазба shock_krg Instagram-парақшасында жарияланған.

    Автор жасөспірімдер 11 жастағы мектеп оқушысын аяусыз ұрып тастағанын айтқан.

    "Олар алты-жеті бала. Үшеуі тепкен. Баланы нейрохирург қарап, ем жазып берді", -делінген жазбада.

    Бейнежазба кадрларында жеткіншектің артынан келіп, аяқпен тепкені көрсетілген.

    Жәбірленушінің анасы Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында күш көрсеткен жеткіншектер пиццерияда мектеп оқушыларынан орын босатуын сұрағанын айтқан. Алайда балалар бұл бұйрықты орындамапты.

    Бұл кикілжіңді шешу үшін олар тысқа шығып кеткен.

    "Ол жай ғана тұрған. Бірінші оның артынан ұрып, артынша тебе бастаған. Менің ұлымның достарының барлығы кішкентай. Олар қасында тұрып, ештеңе істей алмаған", -деді анасы.
    Қарағандыда жасөспірімдер пиццерияда орын бермеген оқушыны тепкілеп тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.