Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тұратын альбинос қыз жайлы не білеміз? (фото)

Жарияланған күні:

Қазіргі таңда медицина заман талабына сай ілгері дамып келе жатқанымен, сирек кездесетін дерттердің алдында әлі де қауқарсыз қалуда. Олардың бірі - тұқым қуалайтын альбинизм. Ол ағзаның дұрыс дамуына кедергі келтіретін рецесивті ген салдарынан пайда болады. Аталмыш дертке шалдыққандарды альбиностар деп атайды. Олар әрбір елде, сондай-ақ Қазақстанда да кездеседі деп жазады Замана басылымы.

Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Альбинизмді тәжірибелі дәрігерлер мен атағы жер жаратын емші-балгерлер де емдеп шыға алмайды. Бұл дертке әдетте тумысынан, яғни, жатырда жатқанында ағзасында меланин пигменті тым аз немесе мүлде жоқ адамдар шалдығады.

Әлемнің барлық елінде кездесетін альбиностар Қазақстанда да бар болып шықты. Мұндай ерекше дерттің өкілі - үш жасар оралдық бүлдіршін Дильназ.

Ерлі-зайыптылар үшін тұнғышының альбинос болып дүниеге келуі күтпеген тосын жағдай болған.

"Дильназ біздің тұңғыш перзентіміз. Оның осылай ерекше кейіпте дүниеге келуі өзімізге де, туыстарымызға да тосын жайт болды. Терісі, шашы мен кірпігі аппақ, көзі көк, кейде жасыл, сары, ақ түске дейін күніне бірнеше рет өзгеретін сәбиіміз үшін қатты алаңдадық. Оның денсаулығын тексертіп, дәрігер аль­би­низм­нің тек көру қабілеті мен терісінің өзгеруіне ғана әсер еткенін айтқанда уайымымыз едәуір сейілді.
Дильназ өте бауырмал, сезімтал, көпшіл болып өсіп келеді. Өнерді де өте жақсы көреді. Ән айтады, би билейді. Ұялы телефоннан немесе теледидардан өзі секілді ұл-қыздардың қылықтарын байқап қалса, соны қайталап отырады. Маған да қолғабыс етуді жаны сүйеді. Ас-ауқат әзірлеп, үй тазалап жүрсем де жанымнан қалмайды. Пер­зентім қамырдан дайындалатын тағамдарды сүйсініп жейді.
Көшеге серуендеуге шықсақ немесе қонаққа барғанда, оған тосырқай қарайтындар өте көп. Альбинос деп білетіндер, түсіністік танытып қызымызға жақсы тілектер де айтып жатады", - дейді қыз баланың анасы Алмагүл Өтеуова.
Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Үш жасар балақайдың терісі өте нәзік әрі сезімтал. Соған орай, әсіресе жазғы уақытта оған ерекше күтім керек екен. Дильназ ыстықта күн көзіне көп шықса терісі қызарып, зақымданады. Ал көз жанарын қорғау үшін ол үнемі қара түсті көзілдірік киіп жүруі қажет.

Қазақстан бойынша альбинизмге шалдыққан жағыз Дильназ ғана емес екен. Елімздің оңтүстік өңірінде де альбинос бала бар болып шыққан. Алайда, оның анасы ұлының ер жеткенін алға тартып, бұл жағдайды дүйім жұртқа жария еткісі келмейтінін айтқан.

Келіншек баласының өз қатарластарынан еш қалыспай, бірдей деңгейде біліп алып жатқанын мәлімдеді.

Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда альбинизм миллион адамда бір рет қана қайталанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775439-oralda-tratyn-albinos-kyz-zajly-ne-bilemiz-foto/