RU
Ақтаулық тұрғын үш қызын әкесі мен пәтер жалдаушы зорлағанын айтты

Ақтаулық тұрғын үш қызын әкесі мен пәтер жалдаушы зорлағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық тұрғын қыздарын әкесі мен пәтер жалдаушы зорлағанынан айтқан. Бұл туралы ИнАктау-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Naviny.by

Көрнекі фото: Naviny.by

Ақтаулық Ирина есімді көп балалы ананың үйі өртеніп, "Клуб добряков Актау" еріктілер тобы көмектесуге келген.

Әйел оларға қыздарының әкесінен зорлық-зомбылық көргенін айтқан.

"Біз өрттен соң қандай көмек керек екенін білу үшін зардап шеккен Иринаға келдік. Ол материалды көмектің қажет емес екенін, бірақ 14,12 және 10 жастағы қыздарына психологтың керек екенін айтты.

Кенже қызы бала күннен мүгедек екен.

Иринаның сөзінше, ол он үште болғанда, ата-анасы қайтыс болған.

Оны анасының құрбысы қамқорлыққа алыпты. Әйелдің жиырма алты жастағы Мұрат есімді ұлы болған. Ер адам асыранды сіңлісін үйіне көшіп келгенде зорлап тастапты.

Содан 14 жасында Ирина Мұраттан алғашқы қызын босанған, 16 жасында тағы бір қызды дүниеге әкеліпті.

Сосын ол Мұраттан кетіп, басқа ер азаматтан бала туып, оған қайтып келген. Осыдан кейін Иринаның ұлы өмірге келіпті.

Ол жеке өмірін құрумен әлек болып, балаларының тәрбиесімен онша айналыспағанын мойындаған.

Төрт жыл бұрын Ирина бір ер азаматты кездестіріп, соның үйіне көшіп кетіпті.

Ал төрт баланы Мұратқа қалдырған.

Балаларының өмірін сирек қадағалайтын Ирина жақында балаларын өзіне көшіріп алған.

Сол кезде қыздары әкесі мен 26 жастағы пәтер жалдаушыдан бірнеше рет зорлық-зомбылық көргенін айтып беріпті”, — деді “Клуб добряков” еріктілері.

Ананың сөзін балалары мен көршілер растаған.

“Олар Мұраттың балаларға зорлық көрсететін киноны көріп жатқанын байқаған.

Сондай-ақ, көршілері балаларына тамақ апарып бергендерін айтты. Бірақ Мұрат тағамды өзі жеп, балаларға тек сүйектерді қалдырған.

Көршілердің айтуынша, балалар қиын жағдайда өмір сүрген.

Олар балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын естіген.

Мұны тіпті мектептегі балалар да білген екен. Бірақ, ешкім бұл жайтты органдарға хабарламаған. Балаларды әкесінен құтқаруға тырыспаған”, — деді еріктілер.

Анасы еріктілермен бірге қыздарын дәрігерге алып барыпты.

Ақхалаттылар үшеуінің де зорланғанын анықтаған.

Он төрт жастағы үлкен қызын тоғыз жаста, ал ең кішкентайын өткен жылдың желтоқсан айында зорланған.

Тексеру барысында зорлықтың ең сорақы түрлері қолданылғаны белгілі болған.

Екі қызы зорлық-зомбылықты әкесі жасағаны айтса, кішкентайы пәтер жалдаушыны көрсетіпті.

Иринаның айтуынша, қорытындыны алып Ақтау қаласының прокуратурасына жүгінген. Олар арызды қабылдамай, Мұнайлы ауданының ішкі істер бөліміне жіберіпті.

“Бастапқыда арызды қабылдағысы келген жоқ. Сосын дәрігердің тұжырымдамасы жеке ауруханадан болса, оның дәлел бола алмайтынын айтты. Себебі дәрігерді сатып алуы мүмкін. Соңында бөлмеге сегіз полиция қызметкері жиналды. Олар үлкен қызыма қысым көрсетіп, көптеген сұрақтар қойды. Қызым шошып кетті. Оның психикасы онсыз да бұзылған”, — деді Ирина.

Бұл оқиғаға қатысты көптеген сұрақтар туындауда.

Балалардың зорлық көру-көрмеуі жақын арада тергеу жұмыстары басталғанда белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз
1
7
20
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel