Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шарықтап тұрған жоқ": Отандық әншілердің тойдағы гонорары қанша?

Опубликовано:

Отандық әншілер өздерінің тойдағы гонорары жайлы мәлім етті. Олардың арасында тойға барып, тегін ән салатындары да кездеседі. Бұл жайында әншілердің өзі "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Абай Бегей, Керімбекова, Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Абай Бегей, Керімбекова, Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Абай Бегей мен Әбдіжаппар Әлқожа, Ақбота Керімбекова тұрақты бағаларының жоқ екенін, той иесінің қалтасы көтергенше төлейтінін жасырмады.

"Менің бағам шарықтап тұрған жоқ. Керек қылып шақырып жатса, келісім бойынша келемін", - дейді Абай Бегей.

Ал Ақбота Керімбекованы осыдан біраз уақыт бұрын той иесі ақшасын бермей, әуреге салған болатын. Осыған қарамастан әнші тойлардан бас тартпаған.

"Менде қатып қалған баға жоқ. Пәленше-түгенше деп айтпаймын. Көбіне жағдайға қарауға тырысамыз. Өйткені әрбір қазақ жақсылығы мен қуанышына өнер адамын шақырып, бөлісуге тырысады.
Кейде келісіммен бағамызды түсіріп те жатамыз. Барлығы адамның ниеті мен пейіліне байланысты. Алланың берген несібесімен", - дейді Ақбота Керімбекова

"Жігіттер" тобын толық шақыруға шамасы келмеген той иелері оларды жеке-жеке де шақырады екен. Топтың әншісі Айдар Тұрғанбек кейде тойға тегін баратынын айтты.

"Жағдайға қараймыз. Кейде жағдайы жоқ адамдарға кезігеміз. Енді бірде "Жігіттер" тобы болып емес, жалғыз барып қаламыз. "Бар ақшам осы" дегенге келісіп немесе тойға тегін барып та жатамыз.
Мысалы, мен Алматы қаласында жүріп, "мұнша ақша аламын" деп айтпай-ақ қояйын. "Өзіңіз не дейсіз?" деп сұрайды әдетте. Сол кезде қинағым келмейді. Қатты көтергім немесе тым түсіріп жібергім де келмейді", - дейді Айдар Тұрғанбек.

Шығарған әні хитке айналатын Әбдіжаппар Әлқожа қазақтың тойы өзінсіз өтпейтінін айтып мақтанды.

"Біреулерге менің гонорарым сөмкесінен алып, бере салатындай ақша болып көрінуі мүмкін. Енді біреулер үшін бір жыл бойы жинап жүріп табатын сома. Сол себепті нақты айта алмаймын.
Айтатын болсам, жағдайы жетпейтін кісілер "Мынауың сұмдық екен ғой" дейді. Ал қалтасы қалың азаматтар "Мынаның бағасы осы ғана ма" деп айтады", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Естеріңізге сала кетейік, отандық эстрада әншілерінің туындыларын біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1775614-saryktap-trgan-zok-otandyk-nsilerdi-tojdagy-gonorary-kansa/

pixel