Түсіңізде нәресте көру қандай мағынаны білдіреді
Жарияланған күні:
Нәресте – жарқын болашақ пен үміттің нышаны. Алайда түске сәби кірсе, ол кей жағдайда жақсылықтың белгісі болмайды екен. Сонымен түсіңізде нәресте көрсеңіз нені білдіреді? Бүгінгі материалда осы жөнінде толық баяндайтын боламыз.
Ванганың түс жорамалы
Болгар елінің әйгілі көріпкелі Ванга адамдардың жеке өміріне қатысты өз болжамдарын айтып қана қоймай, түс те жорыған. Ол сондай-ақ түске нәресте кірсе, нені білдіретінін айтып кеткен. Оның түс жорамалдарында жекелей адамның түсіне шақалақ кірсе нені білдіретінін әрі жаһанда не болатыны жайлы айтылған.
- Түсте көп нәрестені көру әлемде бала туу көрсеткішінің артанынын білдіреді. Сонымен бірге бұл түсіне сәби кірген адамды аздаған қиындықтар күтіп тұр деген мағынаны білдіреді екен. Тағы бір айта кетерлігі, аталған мәселені айтарлықтай үлкен болмаса да, адам оны шешу үшін, көп уақыты мен күш-жігерін жұмсайтын болады екен.
- Түсте нәресте қатты жылап жатса – сіздің немесе туыстарыңыздың балалары тудыратын қиындықтардың белгісі болмақ. Ал түске сәби кіруге жаһандық мағына беретін болсақ, ол соғыстың басталуын білдіреді.
- Денсаулығында ақауы бар бала түске кірсе, ол айналаңыздағы жайттарға ойланатын уақыт келді деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге мұндай түс зиянды әдеттер адам денсаулығына залал келтіретінін әрі басқаларға жайсыздық тудыратын айғақтайды. Егер сіз салауатты өмір салтын ұстанатын жан болсаңыз, онда мұндай түс алдағы уақытта экологиялық апат болатынын болжайды.
- Егер басқа бір адамның сәбиімен ойнап отырсаңыз, онда сіз өміріңізге ляззат сыйламайтын жұмыспен қош айтысып, керісінше сізді бақытты ететін әрі көп табыс әкелетін жұмыс табасыз деген сөз.
- Түсіңізде нәрестені іздеп жүрсеңіз – өміріңізде сізді сынайтын тағы да көптеген проблемалардың орын алуы мүмкін деген болжам бар.
- Ал егер түсіңізде баланың бетіне қарап, онда өзіңізді көрсеңіз, өз әрекетіңізді сүзгіден өткізгеніңіз абзал. Сондай-ақ өзіңізді бала қалпында ұстау сияқты қылықтан арылу қажет деген қорытындыға келіңіз.
- Егер нәрестені емізіп отырсаңыз – онда өміріңізде қуанышты жаңалық болады. Ал егер емізіп отырған балаңыз бөтен адамның баласы болса, онда өміріңізде қиындықтар туындауы әбден мүмкін.
Миллердің түс жорамалы
Густав Миллердің түс жорамалдарында түске бөпенің кіруі жақсылықтың жаршысы ретінде сипатталады:
- Түске нәрестенің кіруі – өмірде көп ұзамай жақсы жаңалық болады деген сөз.
- Егер түсіңізде бөпені суға түсіріп жатсаңыз, онда бұрыннан шеше алмай келе жатқан мәселеңіз шешіледі деген мағынаны білдіреді.
- Егер түсіңізде сәбиді сүйіп жатсаңыз – онда қартайған шағыңызға дейін өзіңіздің физикалық қалпыңызды сақтайсыз деген мағынаны білдіреді.
- Түсіңізде балақай ұйықтап жатса, онда үйіңізде бейбіт өмір мен тыныштық орнайды.
- Ал түсіңізде бала шетінеп кетсе, онда жамандықтың белгісі.
Фрейдтің түс жорамалы
Психолог әрі психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд түске нәресте кіруде төмендегідей болжаған:
- Түсте сәбимен ойнасаңыз – өзіңізге деген сенім артады.
- Сәбиді өміріне қауіп төндірейтіндей қиын жағдайдан құтқарсаңыз – жақын арада өзіңіз сәбилі боласыз.
Нотрдамустың түс жорамалы
Ванга сияқты Нотрдамус та түске сәби кіруді жаһандық мағынада да болжаған:
- Егер сәбиді жануар тістеп алса – өз тарапына шығарғысы келетін, Антихристпен кездесесіз.
- Егер мүгедектігі бар бала кірсе – жақыныңыз көмекке мұқтаж деген сөз. Сонымен бірге мұндай түс атмосфераның ластануына байланысты орын алатын жаһандық апатпен байланыстырылады.
- Аяқ-қолы жоқ сәби көрсеңіз – әлемде физикалық тұрғыда жетілмеген әрі психикалық ауытқулары бар балалардың көптеп дүниеге келуін білдіреді.
- Баланы қолыңызда ұстап тұрсаңыз – қандай да бір мәселеге тап боласыз.
- Егер түсте сәби құлап жатқан әйелдің қолында болса – онда адамзатты қауіпті дерттің салдарынан болатын көп өлім-жітім күтіп тұр. Үміт сөне бастаған сәтте, індеттен қорғайтын дәрі ойлап табатын адам пайда болмақ.
- Түсте бөпе жылап жатса – алда болатын қиындықтың белгісі.
- Егер түсте күлімсіреп тұрған балақай көрсеңіз – әлемде соғыстың бітуін білдіреді.
- Егер түсіңізге кірген баладан өзіңізді көрсеңіз – онда өміріңіздегі басымдық берілетін жайттарға қайта қарауға тура келеді.
Исламдағы түс жорамалы не дейді?
Исламдағы түс жорамал бойынша түске сәби кіру жақсылықтың я жамандықтың белгісі:
- Түсте дені сау баланы көру – өмірдегі басты мәселелеріңіз шешіледі, сондай-ақ махаббаттағы қарым-қатысаңыз жақсы жаққа қарай өзгереді.
- Түсте сырқат сәби көру – жамандықтың белгісі.
- Сәбиді қолда ұстау – жеке мүлік алудың белгісі.
- Түсте нәрестелі болғаныңызды көрсеңіз – қиындықтар туындайды деп ойлай беріңіз.
Цветковтың түс жорамалы
Түс жорушы Евгений Цветков түске сәби кіру жөнінде былай дейді:
- Қоларбада жатқан бөпені көрсеңіз – сізді таң қалдыратын жаңалық естисіз деген сөз
- Егер шақалақтың үстінде киім болмаса, онда өміріңізде қиындықтар болады.
- Түсте сүйкімді балақай көру – өмірде жағымды жаңалықтар болады.
- Ал үсті-басы лас, сүйкімсіз балақай – қиындықтардың белгісі.
- Түсте сәбиді сүйсеңіз – өміріңіз бірқалыпты әрі тыныш өтеді.
- Түсте қыз баланы емізіп отырсаңыз – денсаулығыңыз мықты болып, қаржылық жағдайыңыз тұрақталады.
Түсте сәби көру – қандай да бір оқиғаның белгісі. Сондықтан, түсті дұрыс жору үшін, түсіңізде сәбиді қалай көргеніңізді ұмытпаған жөн. Ал ұйқыдан оянғаннан кейін түрлі түс жорушылардың болжамын оқуды ұмытпаңыз әрі ол өміңіздегі қиындықтардың немесе керісінше жақсылықтың белгісі екенін естен шығармаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775827-tsiizde-nreste-kru-kandaj-magyna-bildiredi/