RU
"Бұрын-соңды болмаған": Алматыда суррогат ана үшемді дүниеге әкелді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Бұрын-соңды болмаған": Алматыда суррогат ана үшемді дүниеге әкелді

Рассказать Вконтакте

Алматыда суррогат ана дүниеге үшем әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ерекше оқиға деп хабарлайды Алматы арнасы.

Көрнекі фото: deti.mail.ru

Көрнекі фото: deti.mail.ru

Бастапқыда жатырын жалға берген анаға тек екі ұрық салыныпты. Бірақ кейіннен оның біреуі екіге бөлініп, нәтижесінде дүниеге үшем келген.

Айы-күні жетпей туған сәбилердің қазір жағдайы қалыпты. Салмағы бір жарым келіден аспайтын нәрестелер арнайы кювезде жатыр.

Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының репродуктолог дәрігері Радха Шарипованың сөзінше, ақ халаттылар үшем болатынын мүлдем күтпеген.

Сондай-ақ, орталықта мұндай құбылыс бірінші рет болып тұр екен.

Белгілі болғандай дәрігерлерге биологиялық ата-ана өздері келіп, суррогат әйелдің көмегімен сәбилі болғысы келетінін айтыпты. Себебі көп балалы болуды армандаған отбасыға тұңғышынан соң қайта сәби сүю бақыты бұйырмапты.

"Оларды бірден тіркеуге алып, денсаулықтарын тексеріп, ЭКО арқылы ұрықтандыруға дайындадық. Нәтижесі сәтті болып, өмірге бір қыз, екі ұл келді. Қазір суррогат ананың көмегімен сәбилі болатындар өте көп. Бұл бір жағынан көптеген отбасын ажырасып кетуден сақтайды", – дейді Радха Шарипова.

Дәрігерлердің мәліметінше, биологиялық ата-ана құрсақ-ананы өздері іздеп тауыпты.

Ал жатырын сатқан 26 жастағы әйелдің өзі екі перзентін тәрбиелеп отыр екен. Келіншек тапсырыспен құрсақ көтеруге ақшаға мұқтаждықтан барған көрінеді. Бірақ мұндай процедура үшін қанша сыйақы алғаны белгісіз.

Қос тарап келісімшартты нотариуспен бекіткен.

Айта кетейік, Шымкентте де үшем дүние есігін ашқан еді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
2
1
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel