RU
Белсенді блогер Астанадағы кішкентай қыздардың өлімі туралы күйінішін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Белсенді блогер Астанадағы кішкентай қыздардың өлімі туралы күйінішін айтты

Рассказать Вконтакте

Нұркен Халықберген есімді белсенді азамат Астанада өрт салдарынан бір үйдің бес қызы қайтыс болған қайғылы жағдай туралы өз ойын айтты. Facebook желісіндегі парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ, фото: Нуркен Халыкберген/Facebook

Коллаж NUR.KZ, фото: Нуркен Халыкберген/Facebook

"Астанадағы 5 баланың өмірін жалмаған өрт туралы жаңалық денені түршіктіріп, қатты қорқытты. Сондай-ақ, балалардан айрылудың қандай қиын, ауыр екендігін көрсетті", - деп бастаған ол өз жазбасын.

Халықбергеннің сөзінше, оның отбасында да осыған ұқсас қайғылы жағдай болған.

"Қайғылы жағдай мен өмірге келетін кездің алдында орын алыпты. Ол уақытта өрт салдарынан туған ағам мен әпкем көз жұмған.

Неге екенін білмеймін, жерлеу рәсімін суретке түсіріпті. Фотодан ата-анамның жанарлары мұңға толып тұрғанын аңғарасың.
Мүмкін сіз де 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған 5 баланың жанып кеткенін естіген шығарсыз. Ең кішкентайы бар болғаны 3 айлық болған. Жаман сөз айтып жатсам кешіріңдер, көңілім ала құлазып тұр", - деп жазды Нұркен Халықберген.

Ол балалар өртеніп кеткен түні ата-анасы мәжбүрлі түрде жұмыс істеп, ақша тауып жүргенін айта кетті.

"Жеті адам 30 шаршы метрді құрайтын уақытша баспанада өмір сүрген! Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбілқасымованың көп балалы аналар мемлекет тарапынан бірнеше миллион капитал алатындығы туралы мәлімдемесіне қарама-қайшы келеді: "Басқа елдерде мұндай іс жүзінде жоқ. Ресейде ана капиталы бар. Бізде барлық жылдарды санасақ бірнеше миллион шығады", - деді министр.

"Неге қайтыс болған балалардың ата-анасы түні бойы тамақ пен баспана үшін ақша тапты? Неге олар соншалықты кішкентай баспанада өмір сүрді?! Ақшаларды далаға шашқанша, осындай отбасыларға жақсы өмір сүру үшін мүмкіндік сыйлаңыздар", - деп шенеунікке пікірін жеткізді Халықберген.

Ол өзінің жазбасында қайтыс болған қыздардың анасына жұмыс берушіге де ашулы екенін сездірді.

"Әйел адамға жұмыс беруші - сені қарғыс атсын! 5 баласын барын, кішкентайы 3 айлық екенін біле тұра, оны түнгі кезекке қою деген адамгершілікке жатпайды...", - деп ашынды белсенді азамат.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Аталған оқиғаға қатысты өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасын тия алмады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
24
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel