Астанада өрттен көз жұмған бес қыздың жерлеу рәсімі қай жерде өтеді?
Опубликовано:
Астана қаласының әкімдігі өрттен көз жұмған бес баланың соңғы сапарға шығырып салу күнін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес қыз баланы жерлеу рәсімі мен жаназа асы 5 ақпан күні Тілендиев көшесі 29/1-де орналасқан "Көктал" мейрамханасында өтеді.
Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.
Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.
Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776774-astanada-rtten-kz-zmgan-bes-kyzdy-zerleu-rsimi-kaj-zerde-tedi/