RU
"Forbes" мұқабасына шыққан Мәдина Әбілқасымова жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

"Forbes" мұқабасына шыққан Мәдина Әбілқасымова жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Астанада өртке оранған үйде ажал құшқан бір отбасының бес баласының өлімінен соң жұрт Forbes журналының мұқабасына шыққан Мәдина Әбілқасымованы қызу талқыға салды деп жазады NUR.KZ.

Ерлан Сәкенов пен Forbes мұқабасы. Фото:facebook.com/yerlan.sakenov

Ерлан Сәкенов пен Forbes мұқабасы. Фото:facebook.com/yerlan.sakenov

Қазақстандық екі азамат желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың суретін жариялаған.

Ерлан Сәкенов Астанадағы балақайлардың өлімінен соң журнал мұқабасынан көрінген министді қатаң сынға алды.

"Көп балалы отбасылардың мәселесі шешілген сияқты. Министрдің сөзінше, көп балалыларға жақсы жәрдемақы беріледі. Мұны министр бес баласын жоғалтқан ананың бетіне айтсын. Мәдина Әбілқасымова сізді, журналдың мұқабасына шығуыңызбен құттықтаймын! Керемет көрінесіз", - деп мысқылдады Ерлан Сәкенов.

Сондай-ақ, Азамат Ерғали есімді желі қолданушысы да министрге қатысты жазба жариялаған.

"Өте керемет! Біздің елімізде мемлекеттік қызметкерлер Forbes-тің мұқабасына сән бере алады. Біз барлығымыз сізге сөз таба алмай отырмыз, Әбілқасымова ханым! Мүмкін сіз адам ретінде жақсы шығарсыз! Бірақ сіз жауапкершілігі мықты мемлекеттік қызметке сай емессіз!", - деп өз пікірін білдірді қазақстандық азамат.

Оның сөзінше, "қызғылт (розовый) көзәйнек киіп алған" адамға жетімдер мен жағдайы жоқтарды сеніп тапсыруға болмайды.

"Бұл жерге өзгеріс керек! Ал сіз тек қана көпбалалы аналардың қалтасын санаған шенеунік болып қана халықтың есінде қаласыз! Сондай-ақ, сіз өте нашар есептейсіз! Бірақ суретте өте әдемісіз! Менің пікірімше, сізге модель болу керек! Немесе бизнесвумен атану керек! Форбес осындайларды жақсы көреді! Ал біз - ұнатпаймыз! Сіз бізді кешіріңіз! Сосын өз еркіңізбен орныңызды босатыңыз!", - деп жазды Ерғали.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі небәрі тоғыз айлық сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал бүгін 5 қызды жер қойнына тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
2
1
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel