Астаналықтар бір түнде ажал құшқан қыздарды ақтық сапарға шығарып салды (фото, видео)
Опубликовано:
Астанада өз үйлерінде өрттен көз жұмған бес қыздың денесі жер қойнауына тапсырылды. Бүлдіршіндерді ақтық сапарға шығарып салуға туыстары, достары мен көршілері,одан бөлек көптеген қала тұрғындары қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/ec1f38c0aefc5fa4_w.jpeg)
Бүгін Астанада қалың қар жауып, Шыңғыстау көшесінде өрттен күлі ғана қалған үйдің ізін де басып қалды.
Ал көрші үйдің ауласында туыстары бір түнде ажал құшқан бес қызбен қоштасып жатыр.
Өрттен о дүниеге аттанған бүлдіршіндер мұсылман дәтсүрімен жер қойнауына тапсырылған.
Ал жаназаға келген жұрт қарасының көптігінен көшелерде де көлік кептелісі орын алды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/85409b2f618c830a_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/0e43d8efca431824_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/e96b7f61006e9b73_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4333c1827593bd37_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/b8f658d9a229970e_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/b62280094a865a59_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776847-astanalyktar-bir-tnde-azal-kskan-kyzdardy-aktyk-saparga-sygaryp-saldy-foto-video/