Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда күйеуінің бұрынғы әйелімен жақындасқанын білген келіншек мұңын шақты

Жарияланған күні:

Көкшетау өңірінде осыдан үш жыл бұрын тұрмыс құрған келіншек бүгінде ойланбай жасаған әрекетінің зардабын тартып жүр. Қазіргі өмірім тозаққа айналды деп өкінген кейіпкер өзінің жағдайын NUR.KZ-ке баяндап берді.

Көрнекі фото: 24tv.ua
Көрнекі фото: 24tv.ua: Depositphotos

Өзегін өртеген сырымен бөліскен Жазира (ред. ескертпе кейіпкер есімі өзгертілген) бұрын-соңды отбасын құрып, балалы болған азаматпен шаңырақ көтерген екен.

"Мен Бауыржанмен жұмыс істеп жүрген кезде таныстым. Бойы ұзын, аққұба жігіт кез келген арудың арманы болатын. Екеуміз бір мекемеде қызмет істейміз. Оның лауазымы менен сәл жоғары, ол-бөлім басшысы. Бұрын отбасылы болғанын, кейін әйелімен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткенін білетінмін. Соған қарамастан, жүрекке әмір жүрмей, сымбатты азаматпен кездесіп жүрдім", - деп бастады әңгімесін Жазира.

Жас келіншектің бүгінде жасы 27-ден асқан. Бір баласы бар. Бауыржанмен бірнеше жыл кездесіп, оның ұсынысын қабыл алған. Бастапқыда анасы қызының бұл шешімін құптамапты. Бірақ перзентінің шешімін өзгерте алмаған екен.

"Бауыржанға анам қатты қарсы болды. Бұрын отбасылы болған азамат сені бақытты етпейді дейтін. Оның үстіне бірінші әйелінен қалған балаларына алимент төлеп, олармен ұдайы кездесіп тұратын. Бастапқыда бұл жағдайларға мән берген жоқпын. Шынымды айтқанда мән бергім келмеді. Сүйікті адамыммен бақытты ғұмыр кешемін деп ойладым", - дейлді жас келіншек.

Бауыржанның бөлек пәтері болғандықтан, Жазира ата-енесімен бір шаңырақтың астында тұрмаған. Той біткен бойда, өз үйлеріңе көшіп барыпты. Бастапқыда Жазираны күйеуінің келіп жүрген балалары аса алаңдатпаған.

"Тойдан кейін күйеуімнің бұрынғы әйелі балаларын үйімізге жиі жіберетін болды. Әрине, олардың кінәсі жоқ қой. Ешқашан қабағымды шытып, жақтырмай қалған емеспін. Тәттілерімді дастарханға қойып, ойыншықтар алып беретінмін. Кейде демалыс күндері соларға қарап қалатынмын. Тегін тәрбиешінің міндетін атқарып жүрдім. Сүйікті адамым үшін бәріне шыдадым. Алайда күйеуімнің бірінші әйелі тіпті даңдайсып кетті", - дейді Жазира.

Жазираның айтуынша, Бауыржан түн ішінде бұрынғы әйелінің үйіне баруды жиілетіп кеткен. Біресе батарея жарылады, біресе баласы ауырады. Мұның барлығын бірінші әйелі әдейі істеп отыр дейді жас келіншек.

"Бір күні Бауыржан бірінші әйелінің үйіне қонатынын айтып телефон шалды. Балаларымның қасына ұйықтаймын деді. Ол кезде менің ішімде сегіз айлық балам бар. Біраздан бері жақындаспаған да едік. Сол түні көз ілмей шықтым. Бауыржан таңертең келді. Киімінің барлығы бүлінген. Мойнының бәрі қып-қызыл. Көзге көрініп тұрған соң, сұрадым, шыдамым жетпеді. Қатты жанжалдасып қалдық. Ол ештеңені мойындамады. Керісінше мені кінәлі етіп қойды", - дейді көкшетаулық келіншек.

Осы оқиғадан соң, Бауыржан жұмыстан кешігуді жиілететін болыпты. Дүниеге келген сәби де ерлі-зайыптылардың арасын жақындастыра алмаған. Ал араға біраз уақыттан соң Жазира күйеуінің бірінші әйелі жүкті болып қалғанын білген.

"Ол әйелдің жүкті болып қалғанын Бауыржанның ұлынан естідім. Бізде бөпе болады деп мақтанып отырды. Күйеуімді ашық әңгімеге шақырдым. Айқай-шусыз сөйлесіп, ол барлығын мойындады. Қиналып жүрген сәтте бұрынғы әйелі қолдау болыпты. Ақталғанымен, ант су ішкенімен әлі де кешіре алмай жүрмін. Ажырасқым келеді, бірақ Бауыржан жібермейді. Ертеңгі күнім қалай болатындығы белгісіз", - дейді кейіпкер.

Осылайша тығырыққа тірелген келіншек қандай шешім қабылдайтынын білмей жүр. Кезінде анасының айтқанына құлақ аспағанына әлі күнге дейін өкінеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777026-kksetauda-kjeuini-bryngy-jelimen-zakyndaskanyn-bilgen-kelinsek-myn-sakty/