RU
Ақтөбе облысында 10 сынып оқушысының өлімінен кейін төрт мұғалім жұмысынан кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында 10 сынып оқушысының өлімінен кейін төрт мұғалім жұмысынан кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында екі мектеп оқушыларының төбелесі салдарынан 10 сынып оқушысы қайтыс болған еді. 26 қаңтар күні орын алған қайғылы жағдайдан кейін төрт мұғалім жұмыстан босатылған деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Фото: Вконтакте, kabarlar.org

Фото: Вконтакте, kabarlar.org

Оқушылардың аудан-ауданға бөлініп пышақтасуынан кейін арнайы комиссия екі мектепті тексерген. Осыдан кейін екі бірдей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері жазаланыпты.

Комиссия тексеру кезінде тәрбие ісінде жіберген бірқатар олқылықтарды анықтаған. Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізбегені үшін №6 орта мектептің және Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектептің директорларына сөгіс жарияланған.  

"Тұтастай мектептердегі тәрбие ісінің ұйымдастырылу деңгейі зерделенді. Аудандық білім бөлімі екі мектептің директорын тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Екі мектептің де директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметтен шеттетілді. Сынып жетекшілері жетекшілік орнын босатты", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Рсалина.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтар күні аталған екі мектептің 10 сынып оқушылары төбелескен. Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектептің оқушысы кеудесінен пышақ жарақатын алып, артынша көз жұмды.

Қазір осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалған. 15 жастағы жеткіншектің өлімінен соң, оның 2002 жылы туған жасөспірім ұсталған. Автор: Б. Рахметова

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel