Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шалқарда 15 жастағы жеткіншектің өліміне күдікті адам ұсталды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы төбелес кезінде қайтыс болған 15 жастағы баланың өліміне күдікті жеткіншек ұсталды. Қазіргі уақытта 2002 жылғы жасөспірім қамауға алынған деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Вконтакте
Фото: Вконтакте: Facebook
"26 қаңтарда Шалқар аудандық ауруханасына кеуде тұсынан жарақат алған 2003 жылғы жасөспірім жеткізілді. Алған жарақатынан ол келесі күні көз жұмды.
Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2002 жылғы Шалқар қаласынын тұрғыны ұсталды. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабына сәйкес сот алды тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды", - деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 қаңтар күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданында екі мектеп оқушылары төбелесіп, оқиғадан 15 жастағы жеткіншек қайтыс болды.

Ал бүгін марқұм оқушының спорттық сайыстарда жеңімпаз атанғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775453-salkarda-15-zastagy-zetkinsekti-limine-kdikti-adam-staldy/

pixel