RU
Ақтаулықтар өрттен ажал құшқан бес қыз баланы аза тұтуда (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулықтар өрттен ажал құшқан бес қыз баланы аза тұтуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының тұрғындары Астанада қайтыс болған қыздарды еске алып, құрмет көрсетті деп жазады Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтаулықтар өрттен ажал құшқан бес қыз баланы аза тұтуда (фото)

Коллаж:lada.kz

Ақтау тұрғындары амфитеатрдың алдына жиналып, гүл, қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар мен марқұмдардың есімдері жазылған шарлар қойды.

Ақтаулықтар өрттен ажал құшқан бес қыз баланы аза тұтуда (фото)

Фото: lada.kz

Жергілікті тұрғын Алтай көп балалы әке. Ол науқанға қатысуға бел буып, бес баласын ертіп келген. Алтыншы кенжесін анасымен үйде қалдырыпты.

Ақтауда Астанада қайтыс болған қыздарды еске алып, құрмет көрсетілді

Фото: lada.kz

Белсенді азаматтың айтуынша, ол балаларына астаналық қыздардың хикаясын баяндап бергенде, олар ойланбастан сүйікті ойыншықтарып амфитеатрға әкеліп қойған.

Ақтауда Астанада қайтыс болған қыздар еске алынып, құрмет көрсетілді

Фото: lada.kz

Көңіл айтуға аймақ әкімі Мақсат Ысқақов та келген. Ол марқұм қыздар үшін мешітте дұға етуге болатынын баса айтып өтті.

Ақтауда Астанада қайтыс болған қыздарды еске алып, құрмет көрсетілді

Фото: lada.kz

Еске сала кетейік, төртінші ақпан күні Астанада үй өртеніп, бір үйдің бес қызы қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ақтөбенің белсенділері де бес періштенің аруағына құран бағыштап, көкке шар жіберді.

Тараз тұрғындары да қаза болған қыздарды аза тұтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel