RU
Еліміздің бірқатар аймағында оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бірқатар аймағында оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, қатты аяз болуына байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің бірқатар аймағында оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Павлодар облысында бүгін бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде температура минус 35, жел 3 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі бірқатар қала мен ауданда сабақ өткізілмейді:
  • Өскемен қаласы (температура -33) 1 ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары;
  • Семей қаласы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына, колледждердің 1-2 курстары;
  • Бородулиха ауданы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстары;
  • Шемонаиха ауданы (-35) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курстары;
  • Аягөз ауданы (-31) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары;
  • Алтай ауданы (-29) 1 ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары;
  • Күршім ауданы (-22 жел 6м/с) 1 ауысым, 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Ақмола облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Өңірде 37-42 градус қатты аяз.

Қостанай қаласында бүгін 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Сондай-ақ, колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымауы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар үшінші күн қатарынан демалып жатыр. Бүгін де 0-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel