Еліміздің бірқатар аймағында оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды
Опубликовано:
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, қатты аяз болуына байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысында бүгін бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде температура минус 35, жел 3 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі бірқатар қала мен ауданда сабақ өткізілмейді:
- Өскемен қаласы (температура -33) 1 ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары;
- Семей қаласы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына, колледждердің 1-2 курстары;
- Бородулиха ауданы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстары;
- Шемонаиха ауданы (-35) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курстары;
- Аягөз ауданы (-31) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары;
- Алтай ауданы (-29) 1 ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары;
- Күршім ауданы (-22 жел 6м/с) 1 ауысым, 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Ақмола облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Өңірде 37-42 градус қатты аяз.
Қостанай қаласында бүгін 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Сондай-ақ, колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымауы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар үшінші күн қатарынан демалып жатыр. Бүгін де 0-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777256-elimizdi-birkatar-ajmagynda-okusylar-men-studentterge-sabak-bolmajdy/