Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элементті орындады

Жарияланған күні:

Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан "Төрт құрлық чемпионаты" басталды. Азия, Африка, Америка және Океания спортшылары қатысатын додада Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько да бақтарын сынауда деп жазады olympic.kz.

Тұрсынбаеваның бапкері Сергей Дудаков спортшы бірталай жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді.  

"Лизамен мамырдан бері жаттығып келеміз. Маусымда екі жаңа бағдарлама дайындап, жетілдірдік. Осы аралықта Элизабет Гран-при кезеңдері мен басқа халықаралық турнирге қатысты. Жалпы көптеген мамандар Тұрсынбаеваның көрсеткіштері өсіп келе жатқанын айтады. Ресейлік, еуропалық, америкалық бапкерлер де мұны байқаған", - деді Сергей Дудаков.

Маманның айтуынша, спортшының бұл топта жаттыққанына 10 ай болған. Осы аралықта ол бірнеше элементтерді жетілдіріп үлгеріпті.

Бұл жолы спортшы "Төрт құрлық" чемпионатына қатысып жатыр.

"Жаттығу барысында Лиза төрт айналымды сальховты орындады. Қысқа бағдарлама алдындағы ресми дайындық кезеңінде Тұрсынбаеваның қандай қиын элементті орындағанын барлығы да көрді", - деді бапкер.

Дегенмен бапкер, бұл элемент осы жарыс барысында бағдарламасында орындалмауы мүмкін екенін айтып өтті. Бірақ универсиада кезінде оны сөзсіз орындайды екен.

Сергей Дудаков пен Данил Глейхенгауз танымал маман Этери Тутберидзенің командасындағы білікті бапкерлер. Олар Олимпиада чемпионы Алина Загитова, әлем және Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы Евгения Медведева сынды үздіктерді дайындаған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1777547-elizabet-trsynbaeva-mnerlep-syrganaudagy-e-kiyn-elementti-oryndady/