RU
Димаш Құдайберген орысша әнге клип түсіру үшін Испанияға ұшып кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген орысша әнге клип түсіру үшін Испанияға ұшып кетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін Испанияға ұшып кетті. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Любовь уставших лебедей" әніне клип түсіру үшін Испанияға ұшып барамын", - деді Димаш Құдайберген.

Күтпеген жаңалық әншінің тыңдармандарын қуантып тастаған. Олар желіде көптеген жылы лебіздерін қалдырыпты.

Оқырмандар "Сәттілік", "Өте керемет. Клип күтеміз", "Біз сені жақсы көреміз, Димаш", "Димаш қазақ елінің біртуар азаматы", "Біз сенімен біргеміз", "Керемет жаңалық", "Әлемдегі үздік клип болсын", "Испаниядан жақсы жаңалықпен кел", - деген сынды пікірлерін білдірген.

Айта кетейік, "Любовь уставших лебедей" әнінің авторы - композитор Игорь Крутой.

Бұл әнді алғаш рет Лара Фабиан шырқаған.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген ғажайып өнерімен Американы бағындырған болатын. Ол бірінші турдың жеңімпазы атанған.

Кейінірек әншінің The World's Best шоуында өнер көрсеткен видеосы жарияланды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel