RU
Аты аңызға айналған "Қара майор" қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Аты аңызға айналған "Қара майор" қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Борис Керімбаев. Фото: Sputnik/Серікжан Қобланбаев

Борис Керімбаев. Фото: Sputnik/Серікжан Қобланбаев

"Қара майордың" дүниеден озғаны туралы 12 ақпанда белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен.

Ақпаратты "Боевое братство" ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жақында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа әскери-клиникалық госпитальге барды.

Ол полковникке Қазақстан Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel