Аты аңызға айналған "Қара майор" қайтыс болды
Опубликовано:
Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
![Борис Керімбаев. Фото: Sputnik/Серікжан Қобланбаев Борис Керімбаев. Фото: Sputnik/Серікжан Қобланбаев](https://cdn.nur.kz/images/1120/1b61d262516d6d9a.jpeg)
"Қара майордың" дүниеден озғаны туралы 12 ақпанда белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен.
Ақпаратты "Боевое братство" ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады.
![Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі](https://cdn.nur.kz/images/1120/181df685a2b8aa47.jpeg)
Жақында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа әскери-клиникалық госпитальге барды.
Ол полковникке Қазақстан Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778083-aty-ayzga-ajnalgan-kara-major-kajtys-boldy/