RU
Досына 134 мың доллар несие алып берген азамат қайғыдан қатерлі ісікке шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

Досына 134 мың доллар несие алып берген азамат қайғыдан қатерлі ісікке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Әбіл Керімбаев есімді азамат өзінің бірге өскен досына көмектеспек болып, 134 мың АҚШ долларын несиеге алып берген. Алайда, ер адам уәдесінде тұрмай, оны алдап кеткен деп хабарлайды "Еуразия бірініші" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Үлкен қызметте жұмыс істейтін досы мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі пәтерде тұратындықтан, Әбіл Керімбаевтан үйін кепілге қойып, банктен ірі көлемде несие алып беруді өтінген.

"Арзан жанармай бекеті шығып тұр, соны алам да, 2-3 айдан кейін сатып жіберіп, несиені жауып берем деді. Сол жылдың қазан айына дейін төледі де, ары қарай төлемей қойды. Барсам, әні төлеймін-міне төлеймінмен жүрді" , - дейді танысына алданып қалған азамат.

Ал Әбіл Керімбаевтың әйелі күйеуінің үйді банкке кепілге қойғанын 2009 жылы бір-ақ білген.

"Қарызды алған адам мені қорқытты, банкке барсаң сені психбольницаға салып жіберем деді. Осы жағдай денсаулығыма әсер етті, қазір мен – мүгедекпін. Осы жағдайдың кесірінен жолдасым 2-топ мүгедек рак, операцияға жатып шықты, тағы жатады. Ол – полковник болып істейді, қарындасымен бірге істеген.
Мені ұрып, тұра алмай жатқан кезім де болды. Ол кісі военный госпитальде, погранда істеген. Қазір пенсияға шығып кетті, өзі 3 қабатты коттедж салып алған, астында джип. Екінші әйел алды", - дейді Гүлбағира Керімбаева.

Осыған дейін қанша рет сотқа арызданып, қылмыстық іс қозғалғанымен, олар белгісіз себептермен жабылып қалып отырған.

Амалдары таусылған шарасыз ерлі-зайыпты Керімбаевтар көмек сұрап, Еуразия бірінші арнасындағы "Бір сұрақ" бағдарламасына келді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
7
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel