Тікелей эфирде жігітке массаж жасаған қазақ қызының масқарасы шықты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық бағдарламардың бірінде жігіттің беліне массаж жасаған қазақ қызы ұятқа қалды. Атышулы ток-шоуға қатысушы арудың бұл ісі желі қолданушыларының ашуына тиген деп жазады NUR.KZ.
Видеодан жас қыздың диванда жатқан жігітке массаж жасағанын көруге болады.
Сықылықтап күліп жүрген арудың эфирдегі қылығы жұртты бей-жай қалдырмаған.
"Масқара", "Болашақ келіндердің сыйқы осы ма?", "Масқара", "Мына қыздың ата-анасы, ағасы жоқ па?", "Эфирде осылай жүрсе, сыртта не істейді?".
"Айтарға сөзім жоқ", "Осы бағдарламаны ұйымдастырып отырған адамда да ұят жоқ екен", "Қазақтың жастарын бұзып жатыр", "Осыны көріп өскен балалар қалай болады?".
"Не мәні жоқ. Не тәрбиесі жоқ. Масқара екен", "Жігіт те жетісіп тұрған жоқ", "Мынадай қылықтарынан кейін кім келін қылады сендерді?", "Осы бағдарламаға келген қыздардың біреуінен жетіскен келін шықпайды", - деп наразылық білдірді желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін атышулы бағдарламаның қос қызы эфирде төбелесіп, шу шығарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778798-tikelej-efirde-zigitke-massaz-zasagan-kazak-kyzyny-maskarasy-sykty-video/