RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Астанада 5 жасар бала тереңдігі екі метр құдыққа түсіп кетті

Жарияланған күні:

Астанада анасымен серуендеп жүрген балақай тереңдігі екі метр құдыққа түсіп кеткен. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдай комитеті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ura.ru
Фото: ura.ru: Facebook
"15 ақпан күні сағат 11:30-да "112" қызметіне 2014 жылы туған бала тереңдігі екі метр құдыққа құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға Астанадағы Қарасай батыр көшесінің бойында орын алған. Балақай анасымен бірге серуендеп жүрген" , - деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Құтқарушылар келіп жеткенше бүлдіршінді №39 мектептің оныншы сынып оқушысы шығарып алған.

Зардап шеккен балақай қалалық №2 ауруханаға жеткізіліп, оқушыны құтқарушылар үйіне апарып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/1778869-astanada-5-zasar-bala-teredigi-eki-metr-kdykka-tsip-ketti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif