Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Esentai Mall-дан адамдар эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Алматыда Әл-Фараби көшесінде орналасқан ірі бизнес-орталығынан адамдар эвакуацияланды. Белгісіз біреулер банктердің біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dorogi_almaty_official
Фото: instagram.com/dorogi_almaty_official: Twitter

Полицияға әл-Фараби даңғылында орналасқан банктердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының шұғыл және жедел қызмет күштері хабарламаны тексеруде.

"Осыған байланысты, Алматы полициясы департаменті азаматтарды өткізілетін іс - шараларға түсіністікпен қарауға, өзінің қозғалу бағытын түзетуге, тыныштықты сақтауға және ресми көздерден ғана ақпарат алуға шақырады", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779208-almatydagy-esentai-mall-dan-adamdar-evakuacialandy-video/

pixel