RU
Аты аңызға айналған Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріліп жатыр
Жаңалықтар Калейдоскоп

Аты аңызға айналған Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

«Хабар» Агенттігі Сидней олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өтуде. Бүгінгі таңда картинаның жетпіс пайызы дайын. Агенттік басшылығының айтуынша автобиографиялық драма күз айларында көрерменге жол тартады. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов.

«Хабар» телеарнасы Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріп жатыр

Телехикаяда аққан жұлдыздай жарқ етіп, аз ғана ғұмыр кешкен спортшының өмірі мен спорттағы жетістігі суреттеледі. Телехикаяның сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. 90 жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңге тап келген Бекзаттың балалығы көп қиындықтармен өтеді. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әр бір сәтте сыналып отырады.

«Хабар» телеарнасы Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріп жатыр

Бірде ата-анасы Бекзатты күреске қатыссын деп бапкерге апарады. Онда Бекзат өзінің сергектігімен көзге түседі. Дегенмен күреске қатысқан баланың бойы өспей қалады деген түсінікпен оны боксқа ауыстырады. Бапкерімен танысқан күннен бастап, бұл спорт түріне ерекше махаббаты ашылады. Күн сайын ерінбей жаттығып, алғаш рет Түркістанда өткен сайыста жарқырап көрінеді. Боз бала шағында Германияда өткен турнирде топ жарып, бапкерлер олимпиядаға даярлау жаттығуларына қабылдайды. 1999 жылы Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болып, олимпияда ойындарына жолдама алады. Солай 2000 жылы Сиднейде тартысты ойындар өткізіп, алтын медальға ие болады.

«Бұл бүкіл өмірі емес, өміріндегі бір кезең. Боксқа қалай келді, өмірінде қандай қызық оқиғалар болды. Бұл жобадағы ең бастысы – Сиднейдегі оқиға. Картинада осы мәселелер көтеріледі», - дейді режиссері Мұрат Бидосов.
«Хабар» телеарнасы Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріп жатыр

Кейіпкерлерді таңдағанда тек актерлік шеберлігі емес, спорттық дайындығы да ескерілген. Мәселен, басты рөл Бекзатты жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған.

«Бұл бір адамның өмірі, бір адамның тағдыры. Жалпы, осы фильм арқылы Бекзат ағамызды қайта тірілтіп, артымыздан өсіп келе жатқан жастардың спортқа деген, боксқа деген құлшынысын арттырсақ және жүректеріне кішкене де болсын бір патриоттық сезім ұялатсақ, онда ол біздің арманымыздың орындалғаны деп білемін», - дейді актер Самат Әзімқұлов.
«Хабар» телеарнасы Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріп жатыр

Сонымен қатар алты бөлімді телехикаядан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа актерлерді көресіздер.

*PR құқында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel